Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз қаласында биылғы жылы алғаш рет үшем дүниеге келді

Облыстық перинаталды орталықта үшем дүниеге келді. Мұндай бақытты сәт әскери қызметкер Мақсат Иманбеков пен оның жары Аида Жебегенованың шаңырағында болып отыр.

1489662805_1489662650_img_0172

Бұл туралы zhambylnews.kz  хабарлайды.

Перинаталды орталық дәрігерлерінің айтуынша, 27 жасар Тараз тұрғыны, №2 қалалық емханада тіркеуде болған. Жүктілік еш қиындықсыз өткен. Үшемнің анасы босануға даярлық және бала күтіміне арналған мектептен өткен.

Балалар уақытынан ерте дүниеге келген, сондықтан дәрігерлер қатерге бас тікпей, жасанды түрде босандырып алуға бел байлаған. 30 апталық болып туылған үшемнің салмағы 1400, 1490 және 1495 грамм.

Бақытты ата-ана балаларына есімдер беріп үлгеріпті. Оларды Дархан, Шерхан және Ерхан деп атапты. Бүгінде жаңа туылған нәрестелер өздерін жақсы сезінуде және аналарымен босандыру үйінен шығуға дайын.

1489662883_1489662634_img_0096

Көпбалалы ананы құттықтауға қала әкімі Рүстем Дәулет келіп оларға жылы лебіздерін білдіріп, сондай-ақ, сыйлық тарту етті.

Оқи отырыңыз:

Төрт қазақстандыққа мешітте “әмин” сөзін айтқаны үшін айыппұл салынды

Шымкентте жол бойында тұрып жанармай сұрайтын алаяқ қыз пайда болды (видео)

Екі жастағы бүлдіршін 55 мемлекеттің астанасын жатқа айтып жұртты тамсандырды (видео)

Қазақстандық әже қыздарға 20 жасқа дейін босанып алуға кеңес берді

Талқылау