Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асүйдегі тарақанның көзін жоймақ болған ер адам өліп қала жаздады

Мәскеудегі Иноземцев атындағы клиникалық аурухананың мамандары қолы қатты күйіп қалған ер адамды емдеді. Ол асүйде жүрген тарақанды оттық және газ баллонының көмегімен өлтірмек болған.

Тарақанның көзін жоймақ болған ер адам өліп қала жаздады

Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Мәскеу қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған.

Пациенттің сөзінше, ол кешке асүйге кіріп, бұрыштан үлкен тарақанды көрген.

«Ер адам газ баллонының көмегімен тарақанды өртемек болған. Ол оттықты газ баллонына жақындата бергенде, от лап етіп ете түскен. Салдарынан ер адам қатты күйіп қалып, жедел жәрдем шақыртқан», – дейді денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр