Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарақанмен достасқан Айсұлу Әзімбаева әрекетімен жұртты шошытты (видео)

Театр және кино актрисасы Айсұлу Әзімбаева желі қолданушыларын таң қалдырудан жалықпайды. Әрдайым жетістіктерін бөлісіп, қорқыныштарын қалай жеңетіндігін баяндап отырады. Бұл жолы ол өзіне үлкен тарақанмен достасуды мақсат тұтыпты.

image

Фото: instagram.com/strangeice/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бұл мен және менің досым мадагаскарлық тарақан. Біз оны Фрэд деп атайтын болдық. Сіздерге бұл ат ұнай ма? Мен одан қорқамын. Алайда бұл қорқынышымды жеңгім келеді. Осылайша жаңа жобаға әзірленіп жатқан жайым бар”, – дейді Айсұлу Әзімбаева.

Актриса бұл әрекетімен желі қолданушыларын қайран қалдырды. Арасында шошынғандар да болды. Олар өздерінің Айсұлудың орнында болса баяғыда талып қалатындықтарын айтып жатыр.

“Айсұлу, сен мықтысың. Мен болсам баяғыда есімнен танып жататын едім”, “Құдай сақтасын! Өрт сөндіргіш алып келіңдер”, “Неткен қорқынышты еді”, “Кей адам осыларды жейді ғой”, “Оған Гоша деп ат қою керек”, – дейді желі қолданушылары.

Мне страшно, но я борюсь. Готовим кое-что к проекту #любитеживотныхтакжекакменя

Видео опубликовано Aissulu Azimbayeva (@strangeice)

Мұнымен қатар, актриса айтқан жобаға Гүлнәр Силбаева да қатысып жатқан сыңайлы. Себебі, ол да жануарлармен достасуға тырысып жатқанын айтуда.

“Айсұлу, сәттілік! Тотықұс өзінің биімен иығым мен қолымды тістеп тастады. Ал ұлулар денемнің барлық жерінде өздерінің сілекейлерін қалдырды”, – дейді Гүлнәр Силбаева. Әзірге бұл жобаның қалай аталатыны және актрисалардың ол жердегі басты міндеттерінің не екені белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Тауға шыққан Айсұлу Әзімбаеваның басына найзағай түсе жаздады (видео)

Айсұлу Әзімбаева сұлулығының құпиясын ашты

Айсұлу Әзімбаева 30 мемлекетке саяхаттағанын айтып, жұртты қайран қалдырды

Айсұлу Әзімбаева Еуропадағы ең биік шыңды бағындырды (фото, видео)

Ота жасатқан Әзімбаева шетелде денсаулығын қалпына келтіріп жатыр

Талқылау