Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танысының сөмкесінен қомақты ашқа ұрлаған экс-шенеунік бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Спорт және туризм министрлігінің  бұрыңғы қызметкері төрт 4 сотталуы мүмкін. Оған таныс әйелдің сөмкесінен екі миллион теңгені ұрлады деген айып тағылып отыр.  Бұл қылмысты мойындамай отырған экс-шенеуніктің әрекеті бақылау камерасына жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Танысының сөмкесінен қомақты ашқа ұрлаған экс-шенеунік бостандығынан айырылуы мүмкін

Аталған оқиға Астана қаласындағы мей         рамханалардың бірінде орын алған. Жәбірленуші Айсұлу Жачина өзінің құрбысы және экс-шенеунің Қобыланды Мусинмен бірге кешкі асты бірге ішкен. Бақырау камерасына жазылған сәтте жалғыз қалған сәтті пайдаланған Мусин қолын созып сөмкедегі ақшаны алған. Ұрланған ақшаның көлемі – 1,8 миллион теңге. Ендігі Айсұлу бұл ақшадан бөлек 7 миллион теңге көлемінде моральдік шығын талап етуде.

Ал күдікті болса мейрамхананың есеп-шотын төлеуге ақшасы жетпегендіктен қыздардан қарызға небәрі 4 мың теңге алғанын айтуда. Осылайша тағылған айыпты мойындамай отыр.

«Күдікті 2018 жылдың 25 маусымында мейрамханада Жачинаның сөмкесін қараусыз қалдырып кеткенін байқап, ішінен 1,8 миллион теңгені қолды қылған. Бұл тергеу барысында анықталды. Сондықтан дүние-мүлкін тәрілеусіз 4 жыл бостандығынан айыруды сұраймын», – дейді Еркеғали Зәкіров, мемлекеттік айыптаушы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау