Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танысын тонаған оралдықтың мүлкі тәркіленіп, өзі үш жылға сотталды

Орал қалалық сотының үкімімен Чирков ҚР ҚК 192-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге үш жылға бас бостандығынан айырылды.

сотталғандар

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сотталушы биылғы қыркүйекте өзіне таныс әйелді пышақпен қорқытып, алтын алқасын жұлып алған. Сосын ұрланған бұйыммен оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші азаматтың арызынан кейін жергілікті полиция күдіктіні тез арада тапқан болатын.

Сотталушы істі қарау кезінде өз кінәсін мойындаған. Енді сот оны үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау