Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таныстарын күтіп алу үшін сыртқа шыққан қостанайлық әйел ЭКСПО-ға қайтып кіре алмай қалды

Қостанайдан келген қонақ әйел “ЭКСПО-2017” көрмесі аумағының сыртына бірнеше минутқа шығып, қайта ішке кіре алмаған.

2580320

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Бақылау-өткізу бекетінен кірген әйел шамалы уақыттан соң танысының балаларын күтіп алу үшін сырқа шығады.

Ол қайтадан көрмеге кіре алмаған, өйткені оған ЭКСПО-ға кіру тәртібімен тыйым салынған.

“Не істерімді де білмеймін. Ештеңені де көріп үлгермедім, кірдім де шықтым. Мен ол ережелер туралы білмедім. Балаларым іште күтіп тұр, олардың жасары 9 және 12-де. Не істерімді білмеймін”, — деді өзін таныстырғысы келмеген әйел.

Ереже бойынша әйелге жалғыз мүмкіндік билетті қайта сатып алу. Оның құны жұмыс күндері 4 мың теңге, ал демалыс күндері 6 мың теңге. Сонымен қатар ЭКСПО аймағында өтетін іс-шараға қатысу үшін ЭКСПО-ға кіру билетін сатып алу қажеттігін ұмытпау керек. Іс-шараға қатысу билетін сатып алу жеткіліксіз, көрмеге кіру билеті де міндетті.

Оқи отырыңыз:

Атырауда туған анасы ер жетіп қалған ұлын интернатқа өткізді

СІМ басшысы Қазақстан әскерлерінің Сирияға жіберілуіне қатысты пікір білдірді

Елбасы елге ораламын деген қандастарға құжат жинатып, шырғалаң туғызбауды тапсырды

Президент: Әлемдегі қазақтардың сөйлескенде тілі бір болса, оқығанда үш түрлі

Талқылау