Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал журналист Аракан мұсылмандарына қолдау білдіру үшін Мьянмаға бармақшы (видео)

Танымал журналист Мьянмада қырылып қалған мұсылмандардың жақындарына қолдау көрсету үшін сол елге бармақшы. Ол Қазақстаннан Араканға аттанар делегация мен еріктілер тобы болса, солармен қосылып еріп баруға дайын екенін жеткізді.

bibigul myanma barmak

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Журналист жақындарынан айырылып, егіле жылап тұрған Мьянма ер азаматтарының видеосын жариялады.

“Еркектер әйелдер секілді емес. Олар өліп кетсе де, елдің алдында көз жасын көрсетпейді. Мен еркекпін деген әрбір азамат тек екі нәрсе де ғана жылайды дейді көпті көргендер. Өлімнің алдында және шын махаббатынан айырылғанында. Онда да олар тұншығып, жасырынып көз жасын көрсетпеуге тырысады.

Ал, мына видеода еркектер еңіреп жылағанында, көріп отырған Сіз де көз жасыңызды тыя алмайтыныңыз хақ. Бұл еркектер сүйген жарынан, туған бауырынан, әкесі мен анасынан, ұрпағын жалғастырушы баласынан, досынан, ақылшысынан, көршісінен, әріптесінен, Отандастарынан айырылды. Қалайша жыламасқа? Жыламау мүмкін емес. Іштеріндегі қатып қалған шерлерін аңырап, ботадай боздап шығаруда.

Бұл қанды қырғын еркектерді де жылатты. Түркия Президенті Ердоғанның бір топ адамдарын көрген Мьянмадағы мұсылмандар Көктен періште түскендей қуанғаны бір бөлек, бауырына басқан түрік ағайынның құшағында солқылдап жылағаны тас жүректі де ерітіп, соқыр көзден де жас төктіреді.

Осы бейнежазбадан кейін Бирмаға журналист ретінде барғым келіп отыр. Егер дәл қазір еріктілерден Түркия елі секілді делегация баратын болса, солармен еріп баруға дайынмын. Анасынан айырылған балақайларды құшағыма алып, аналардың көз жасын сүртіп… бір сөзбен айтқанда сол жақтың бұлыңғыр өмірін өз көзіммен көріп, журналист ретінде мәліметтермен толық ақпар бергім келеді”, – деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина: Зәбір көрген сәбидің ащы зарын естіп, көкірегім қарс айырылды (видео)

Жаның жәннәтта болсын: Бейбіт Сейдуалиева марқұм анасымен қоштасты

Қазақстандық жұлдыздар Мьянмада қырылған мұсылмандарға қайғырып, көңіл айтты

Шешенстан елі Мьянма мұсылмандарын қорғау мақсатында жаппай шеруге шықты (видео)

 

Талқылау