Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал журналист Амангелді Сейтіханның ұлы “Қайсар” командасының футболшысы атанды

Танымал журналист, белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханның ұлы Ерасыл Сейітханов қызылордалық “Қайсар” футбол клубының ойыншысы атанды.

71bec3bb1166e84852af180838af7886_resize_w_520_h_

Бұл туралы Вконтакте желісіндегі “Степные волки” парақшасы хабарлайды.

Футболшы бұған дейін “Іле Сәулет” клубында ойнаған. Алайда қаржылық қиындыққа байланысты ұжым премьер-лигадан тыс қалып әрі Ерасылдың өзі де жарақат алып, біраз футболдан алшақтап қалады. Біраз уақыт емделгеннен кейін 19 жастағы футболшы, спортты қайтадан кәсіби түрде жалғастыруға бел буған.

ымым

“Қазір Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жатырмын. Мамандығым – заңгер. Ақылы түрде оқимын. Ал футболға бала кезімде ең алғаш рет футбол командасына әкеммен бірге бардым. Ол кезде мен бастауышта оқитынмын. Кішкентай кезімнен тек допқа әуес болып өстім. Ауладағы балалармен күні бойы доп ойнайтынбыз.Футболга бейімім жаман емес болған сияқты. Жастайымнан доп теуіп өстім ғой. Әкем де футболды өте жақсы көреді. Өзі өте жақсы ойнайды. Сондықтан кішкентай кезімнен допка бейiм болып өстім”, – дейді Ерасыл.

Ол әу баста Сәрсенбек Оқасовтан, кейін Алексей Игнатченко мен Болат Сербайдан сабақ алады. Ал “Іле Сәулет” сапында қазіргі таңда ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі болып жүрген білікті маман Андрей Феропонтовтан тәлім алады.

“Қайсар” командасына келгеніме өте қуаныштымын. Оның үстіне осындай ауыр жарақаттан соң осындай жоғарғы мақсатты қоятын командаға келу мен үшін жетістік”, – дейді футболшы.

Осы ретте Ерасыл танымал журналист әкесі туралы да ой бөлісті.

274d2f0e99dd213477124be3d857e59a

“Ол бәрінежурналист ретінде белгілі болғанымын мен үшін ең біріншіден әке. Бірақ енді әрине халыққа белгілі кісі болған соң әкемнің абыройына дақ түсірмес үшін, артынан сөз айтқызбас үшін мен де әкемнен кемінде кем түспейтін азамат болуым керектігін түсінемін”, – дейді ұлы.

Фабио Коэнтрау мен Самат Смақовты ерекше үлгі тұтатын жас футболшы болашақта “Қайрат” қатарында өнер көрсеткісі келеді.

Қазіргі таңда “Қайсар” футбол клубы бірінші лигада өнер көрсетеді. Команданың биылғы маусымдағы мақсаты – премьер-лигаға жолдама алу.

Талқылау