Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал жұлдыздардың ең алғашқы табыстары қанша болған?

Танымал өнерпаздар да мардымсыз қаржыға қара жұмыс істеп күн көрген екен. Қазір сахнадан түспей халықтың ортасында жүргендер, кезінде көптің бірі болып аз-маз тиын ғана тауыпты.

145405797133j5x Сурет brod.kz

Әншілер өздерінің алғашқы табыстары туралы НТК телеарнасының “Ревю” бағдарламасында айтып берді

Эстрада жұлдызы Әли Оқапов ә дегеннен қомақты қаламақы алмапты. Анасының айтулы өнер адамы екеніне қарамастан, Әли қарапайым еңбектен бастауды жөн көріпті. Ол алғаш балалар лагерінде тәлімгер болып жұмыс істеп, болмашы ғана айлық алған. Роза Рымбаеваның өзі де жастайынан халыққа танылып, көпшіліктің ықыласына бөленген болатын. Менің алғашқы табысым, “Гүлдер” ансамблінің қатарында жүргенде 220 рубль болған, дейді Роза Қуанышқызы.

Yi1JtwXWbL4Сурет vk.com

Ал халық арасында Капкарашка атанып кеткен Нұржан Керменбаев, мейрамханада ән салып еңбек жолын бастапты.

maxresdefaultСурет youtube.com

“Мейрамханада ән айтып, қызмет көрсеткенім үшін айына 6 мың теңге ғана алатынмын. Сонда күніне 800 теңгеден ғана. Бірақ, сол 6 мың теңгеге қарным ашып сол мейрамханадан тамақ ішіп қоя беретінмін”, – дейді Нұржан.

makpalСурет time.kz

Мақпал Исабекова алғаш рет маңдай терімен 30 доллар тауыпты. Бірақ, басқа қыздар секілді Мақпал да тырнақалды табысын дүкен аралап жұмсап тастаған. “Орда” тобының әншісі Дастан Оразбеков әншілердің арасында ең ерте табыс тапқан әнші болуы мүмкін. Себебі ол 3 жасынан бастап үйіне келген қонақтарға арнап ән салып, ақша жинайды екен. 145405797133j5x

“Алғаш рет қолыма тиген қаламақы 1 сом болды. Оған дереу пирожки мен лимонад сатып алдым”, – дейді әнші.

Бүгінде бұл әншілердің қай-қайсы да Қазақстандағы ең танымал, ең табысты әншілердің көш басында.

Талқылау