Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал болжаушы: Енді 50 жылдан кейін Шымкентте мүлде қар жаумайды

Енді 50 жылдан кейін Шымкентте мүлдем қар жаумайды. Ауа райы дәл осындай қалыпты сақтап тұратын болса, қар жаумақ түгілі жер шарында бір ғасырдан кейін ақырзаман орнайды-мыс. Бұл туралы жұлдыз-жорамалшы Нұрғабыл Қозыбай мәлімдеді. 30жылға жуық жылдың төрт мезгілін зерттеп жүрген шымкенттік ғалым сенсациялық жаңалығын қандай дәлелге сүйеніп айтты?

Танымал жұлдыз-жорамалшы: Енді 50 жылдан кейін Шымкентте мүлде қар жаумайды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жазып отыратын болсаң, 12 жылдан ары қарай соны айналыммен есептеп кете бересің, одан әрі 100 жылдың ауа райын шығарып тастауға болады.

Есімі оңтүстікке кеңінен таныс Нұрғабыл Қозыбай ауа райын болжау ісіне 30 жылға жуық өмірін сарп етіпті. Табиғаттың тылсым дүниесімен 7-сыныптан айналыса бастадым, дейді. Бүгінде ғылымға татырлық әжептәуір дүние жинап қойғанын айтады. Барлығын қағаз бетіне түсіріп, жуырда дайын кітап етіп шығармақшы. Жұлдыз жорамалшының сөзінше, әрбір аптап ыстық алты айда айналып келеді екен. Қуаңшылық төрт жылда, ал, қатты суықтар 12 жылда қайталанады, дейді.

“Дәл қазір Шымкент қаласында күндіз -5, түнде -10 грудастан төмен суық болмайды. Демек, -2 градусқа жыли беретін болса, енді 10 жылда 2 градусқа жылиды, ал, 50 жылда 10 градусқа жәй жылиды біздің Шымкент қаласы. Демек, енді 50 жылдан кейін тағы 10 градус қосылатын болса, Шымкент қаласында – 0 градусан температура түспейді деген сөзі. Ол еген сөз, 0 градусқа температура жетпейтін болса, бізде қыстың күні күн жылы болғандықтан жаңбыр жауып тұрады қар жаумайды”, – дейді ауа райын болжаушы Нұрқабыл Қозыбай.

50-дегі жігіт ағасы оңтүстік өңірінің жүз жылдық күнтізбелік кестесін жасап шығарыпты. Онда ауа райының жаңбырлы не қуаңшылық болатыны жөнінде нақты көрсетілгенін айтады. Мәселен, былтыр аймақтың кейбір аудандарында құрғақшылық болып, жерге шөп шықпай қалғанын ол осыдан үш жыл бұрын болжапты. Дәлелім, айна-қатесіз келді дейді. Оны да өзінің календарлық кестесіне қарап, шамалағынын жеткізді. Сол күнтізбені құрастыруға ол 36 жылын жұмсағанын айтады.

«36 жылда мынау 12 айдан 3 рет айналып келді. 3 рет айналып келгенде 36 жыл бойы зерттеп, осының өз жобасымен айналып келетіне көзім жеткен соң ғана тастадым. 36 жыл бойы зерттеп, салыстырдым осыны», – дейді Нұрқабыл Қозыбай.

Дегенмен, жорамалшы биыл оңтүстікке көктем кеш келеді, дейді. Наурыз айының екінші онкүндігі жауын шашынға ұласып, соңғы қарға айналатынын айтады. Сондықтан, шаруалардың мал азығын сақтағаны абзал екен. Ал, ауа райы дәл осындай жылы қалпын сақтап тұра беретін болса, алдағы 100жылда Антарктидағы алып мұздар еріп, жер бетін су шаю мүмкін екен. Мұны ол ақырзаман деп түсіндірді. Бірақ, жорамалшының сөзіне, синоптиктер күмәнмен қарап отыр. Ғылым мен техника дамыған тұста, аспанға қарап, болжағанша, нақты ақпараттарға сенген дұрыс дейді.

“Жоғары-төменгі қысымдарға қарап, жаңа ауа температурасын болжаймыз. Мысалға ертеңгі ауа температурасын өлшеп жатырмыз. Жауын шашын болады. Сайттарды, еуропалық орталықтарда бір аптаға, он күнге алдын ала карталар сызылады. Ол карталар сызылғанда, нақты біздің синоптиктердің тіліне бағытталып істелінген нәрсе. Біз соларға қараймыз”, – дейді “Қазгидромет” РМК Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім меңгерушісі Әсия Қыдырбаева.

Қазір Шымкентте ауа температурасы + 10 градусты көрсетіп тұр. Күннің күрт жылуынан кейбір қыраттарда, жазықты жерлерде мынандай бәйшешектер шығып қалған. Жайқалып өсіп тұр. Шаруалар мұндай құбылыстың соңғы 5-6 жылдан бері қайталанып жатқанын айтады. Есік алдындағы жеміс ағаштары күннің жылуынан бүршік жаруға дайын тұр екен. Ал, ертеңгі күні күн бірден суытып, үсік шалатын болса, онда жеміс ағаштары өнім бермеуі әбден мүмкін

«Қазіргі уақытта қаңтар айының ортасы келіп қалды. Бұл уақытта қыстың шілде айы. Ең суық кезі болуы керек. Минус 10-15 градус болуы керек. Ал, қазір бізде қалай? Керісінше, 10-15 градус + болып тұр. Қазір, оған жер алданып қалады. Алданғаны соншалықты қазір бәйшешектер шығып кетті қазір», – дейді Шымкент тұрғыны Қалыбай Пердешов.

Нұрғабыл Қозыбай бүгінде өзін еліміздегі теңдесі жоқ жұлдыз-жорамалшы екенін айтады. Оның сөзінше, ұзақ мерзімді ауа райын болжау ісімен кәдімгі орталықтардың өзі де шамасы келмейді екен. Сондықтан, кез-келген уақытта жылдың барлық кезеңін алдын ала айтып беруге дайын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау