Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал жандардың балалары немен айналысады

Қарапайым адамдар да, танымал адамдар да бала тәрбиесіне келгенде бірдей. Барлығы да өз баласының кішкентай жастан бастап сүйікті ісін тапқанын қалайды.

Сол себептен оларды түрлі үйірмелерге беріп жатады. Кейде балаға бастаған ісі ұнамауы мүмкін. Ал кейбір жағдайларда ұнағаны былай тұрсын, бала ол іспен кәсіби түрде айналысып кетеді. Stan.kz. бүгінгі жинақты сондай балаларға арнап отыр.

Айару Бахытбек – Баян Есентаеваның кіші қызы. Айарудың хоббиі – тәтті тағамдар пісіру.  Тағамдарды пісіріп жүргеніне 2,5 жыл болды. Соңғы уақытта  тәтті тағам пісіруге тапсырыстар да қабылдап жүргені көрінеді. Инстаграм желісіндегі @vatrushkiotaiarushki атты парақша ашып, өзі пісіретін тағамдардың дайындалу жолдары жазылған.

Динара Сатжанның ұлы Даниал Өскенбай футболмен кәсіби түрде айналысады. Футболға байланысты түрлі шаралардың бірін жібермей, әрқайсысына қатысады. Анасының айтуынша, Даниял футболға өз бетімен жазылды. Ата-анасы біраз уақыт бойы оның қайда барып жүргенін де білмеген. Даниял туған күнін тойлағанда да қонақтарды жай отырғызып қоймай, футбол ойнатады екен.

Актер, жүргізуші Азамат Сатыбалдының ұлы Сұлтан Сатыбалды да футболмен айналысады. Оның сүйікті футболшысы – Гарет Бэйл. Әкесі ұлының футболға деген қызығушылығын жан-жақты қолдайды.

Продюсер Қыдырәлі Болманов пен әнші Қарақат Әбілдинаның ұлы Бекболат Болманов болашақ футболшылар тізімін жалғастырды. Сүйікті футболшысы – отнадық “Астана” футбол клубының ойыншысы Каньяс Роджер.

Марика Акишева – тележүргізуші және продюсер Серік Акишевтың қызы. Ол  әкесі сияқты шаңғы тепкенді ұнатады. Қыс басталған сайын әрбір демалыс күндерін Марика әкесімен бірге “Шымбұлақ” немесе “Ақ Бұлақта” өкізеді. Серік қызын ендігі кезекте сноуборд теуіп үйретпекші.

“ДОМ” қайырымдылық қорының негізін қалаушы Аружан Саинның София және Диана деген қыздары балетпен айналысады. Олар бидң Алматы қаласындағы “Entree” хореографиялық студиясында үйреніп жүр. Дарынды қыздар бірнеше байқауларға қатысып, жүлделі орындар алған екен.

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз “make up” бет-әлпетті бояумен айналысады. Анасының бетін әдемілейтін де өзі. Ол әлеуметтік желілер арқылы өз жұмысын жарнамалап тапсырыс алып отырады. Осы парақшадан бет-әлпетті қалай әрлендіріп жатқаны да түсіндіреді.

 13 9
12

Роза Рымбаеваның екінші ұлы Мәди де өнер жолын таңдаған. Ол әнші ретінде ән айтпаса да, бос уақытын аспаптармен ойнайды. Қазір музыкант мамандығы бойынша білім алып жатыр. Мәди тіпті, анасының биыл өткізген концертінде өз қнерін көрсеткен болатын.

18

Анастасия Клещенконың үлкен қызы Жасмин кәсіби түрде бимен айналысып жүргеніне бір жылдай болды. Кішкентай жасына қарамастан үшінші сынып оқушысы би өнерін жақсы менгеріп жүр.

Талқылау