Танымал тележүргізуші Бейбіт Құшқалиевті Оқаповпен шатастырып, гүл сыйлаған

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 15:59

Танымал тележүргізуші Данияр Батырбаев әнші Бейбіт Құшқалиевті Әли Оқаповпен шатастырған. Ол сүйікті әншісіне тізерлеп отырып гүл сыйламақ болған.

image

Фото: instagram.com/daikakz/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Мамырдың 11-і күні шырайлы Шымкент қаласының Оңтүстік Цирк ғимаратында қазақ эстрада жұлдыздарына хит әндер сыйлаған Құрманай Бахтиярқызының “Жаса Шымкент” атты авторлық кеші өтті. Кешке Айнұр Тұрсынбаева, Қайрат Нұртас, Ақылбек Жеменей, Айгүл Иманбаева, Нұрлан Әлімжан, Кәмшат Жолдыбаева, Бейбіт Құшқалиев, Тұрсынбек Қабатов, Жанар Айжанова сынды танымал жұлдыздар келген.

Аталған кешке танымал тележүргізуші Данияр Батырбаев та барған. Ол қарсы алдында келе жатқан Бейбіт Құшқалиевті Әли Оқаповпен шатастырып, әншіге гүл сыйлаған.

“Сыртқа шықсам, қарсы алдымда “ОЛ” тұр! Бір қыздың қолынан гүлді жұлып алып, оған қарай жүгірдім. Сөйтсем, Әли емес, Бейбіт Құшқалиев екен. Көз дұрыс көрмесе осы екен ғой”, – дейді Батырбаев.

Сөз соңында тележүргізуші өзінің бұл әрекетін қалжыңға балады. Әрі өзінің Әлидің тыңдарманы еместігін айтып өтті.

Жоғарыдағы суретті көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі “Қойыңыз, жігітке гүл сыйлағанды қайдан шығардыңыз. Жастар не ойлайды?”, “Бір түрлі көрінеді екен” десе, енді бірі қалжыңының орынды екенін айтқан.


Оқи отырыңыз:

Концертте Сайлаубекке гүл ұсынған қария жұртты күлдірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар