Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал суретші ана атанудан неге бас тартатынын түсіндірді

Осы күнге дейін үш рет түсік тастаған сербиялық суретші бұл әрекетінің себебін ашып айтты.

image

Сербиялық суретші-перформер Марина Абрамович осы күнге дейін үш рет түсік тастағанын мойындады. Ол Tagesspiegel неміс басылымына берген сұхбатында жұмысқа кедергі жасайтындықтан, еш уақытта ана атанғысы келмегенін айтты.

“Адамның тәнінде энергия белгілі бір мөлшерде ғана болады. Басқа адамдар секілді мен де оны бірнеше салаға жұмсауыма тура келеді. Ал мұның барлығы менің шығармашылығымның тоқырауына алып келеді”, – дейді суретші.

Оның айтуынша, әйелдердің ер адамдар секілді өнерде жетістікке жетпеуіне бала босанулары себеп. “Талантты әйелдер өте көп. Неге жақсының барлығы ер адамға тиесілі болуы тиіс? Мұның жауабы өте қарапайым. “Махаббат, отбасы, балалар – әйелдер мұның барлығын құрбандыққа шалғысы келмейді”, – дейді Абрамович.

Мұнымен қатар, суретші үнемі әлемді шарлап жүретіндіктен, бала босануға мүмкіншілігінің болмайтынын айтып өтті. “Мен көрмелерге картиналарды ғана жібере алмаймын, өзім де бірге баруым керек”, – дейді ол.

Марина Абрамович – сербиялық перформанс шебері, “Алтын арыстан” жүлдесінің иегері. Аталған жүлдені 47-ші Венециялық бианналеде таныстырған “Балқандық барокко” туындысы үшін алған болатын. 2010 жылы Нью-Йорк қаласындағы музейлердің бірінде Абрамович туындыларының көрмесі өтті. Ол 716 сағат және 30 минутқа созылған болатын. Ал көрмені тамашалауға 1,5 мың адам келген.


Жіберіп алмаңыз:

Суретші Аңсаған Мұстафа әйелдерге баланы өзі баға алса ғана тууға кеңес берді

Британдық суретші емшегі мен кіндігін кесіп алып, одан әшекей жасап сатпақ (фото)

Суретшінің әйел төсі мен қынабын көшіріп басқан туындылары (фото)

8 жастағы суретші картиналарының арқасында 235 мың доллар ақша тапқан (фото)

Талқылау