Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал спортшы суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Mercedes-тің пилоты Лигурий теңізінде батылдығымен көзге түсті. Монакода, нақтырағы Лигурий теңізінің жағалауында серуендеп жүрген Нико Росберг суға батып бара жатқан баланы көріп, ойланбастан оны құтқаруға кіріседі.

110769

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Неміс спортшысы суға тұншыға бастаған бүлдіршінді жағаға аман алып шыққан. Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, балақай бар-жоғы 5 жаста екен. Мұны пилоттың менеджері де растап отыр. Дегенмен Росберг бұл туралы пікір білдіруден бас тартқан көрінеді. Айта кетейік, 2014 және 2015 жылдардағы маусымдарда Росберг қорытынды есепте екінші орыннан көрінген болатын. Ал Австралиядағы Гран-приде жеңіске жетіп, пилоттар кестесінің көшін бастады.

Талқылау