Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал спортшы Головкинді шаршы алаңда біраз жүгірткенін айтты (видео)

Аты аңызға айналған боксшы шаршы алаңда Геннадий Головкинді біраз жүгірткенін еске алды.

image

Фото: instagram.com/gggboxing/

Әлемнің экс чемпионы болған боксшы Шейн Мозли орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF мен WBC әлем чемпионы Геннадий Головкинмен спарринг кезіндегі видеосын жариялады.

“GGG-мен спарринг кезіндегі ескі видеоны тауып алдым. Жақсы жұдырықтасу болды. Шаршы алаңда оны біраз жүгірттім”, – деп жазады Мозли өзінің Twitter парақшасында.

Британиялық Сауль Альварес WBC белбеуінен бас тартқан соң Головкин орта салмақтағы кәсіби бокстағы титулы көп спортшыға айналды. Дәл қазір оның қоржынында WBA (Super), IBO, WBC мен IBF титулдары бар. Енді қазақстандық боксшыға WBO титулына қол жеткізу қалды. Әзірге бұл титул ешкімнен жеңіліп көрмеген мексикалық Билли Джо Сондерске тиесілі.

GGG командасы “Канеломен” жекпе-жек әлі де болады деп үміттеніп жүр. Головкин шаршы алаңға қыркүйек айында келеді деп күтілуде.


Жіберіп алмаңыз:

Лопес: Қанат Ислам Головкинмен жұдырықтасуға дайын

Головкин мен Уэйд БАҚ өкілдеріне арнап ашық жаттығу өткізді (видео)

 

Талқылау