Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал спортшы Алматы көшесінде қаңғыбасқа айналған

Танымал кеңес спортшысы, спорттық гимнастикадан КСРО екі дүркін чемпионы, бірнеше халықаралық жарыстардың жүлдегері 55 жастағы Максим Цыганков көше кезіп қаңғыбасқа айналған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Ер адам бес жыл бұрын далада қалған. Оның сөзінше, өзіне спорттық жетістігі үшін берілген пәтерді әпкесі тартып алыпты.

Ал спортпен 17 жыл бұрын қоштасқан. Ол кезде анасы жол апатынан көз жұмған. Сол уақытта ол ішкілікке салынады. Ал пәтерінің сатылып кеткенін көршісінен естіпті.

“Маған сотқа бар деді. Жүз пайыз менің пайдама шешілер еді. Мен бармадым. Туған әпкеммен соттасқым келмеді. Көшеде қалып іше бастадым. Басқа қайда барасың?”, – дейді Цыганков.

Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары Ләззат Зәкірбаева ер адамға көмектесеміз деп отыр. Максим Цыганковтың өзі жанашыр жандардан көмек сұрайды. Бастысы құжаттарын ретке келтіріп, тұратын жер табу.

Оқи отырыңыз:

Екі көзі көрмейтін орыс қызы қазақ әндерін жатқа айтып таңғалдыруда

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қаскелеңде баласынан айырылған ата-ана тергеушілерге ашулы

Депутат тіркеу орнында көз жұмған ер адам жайлы: Ол осындай күйімен үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді

Талқылау