Танымал шахматшы қыз Иранда хиджаб киюден бас тартты
Нази Паикидзені Иранадғы шахматтан әлем чемпионатына қатысуға шақырған. Бірақ, қыздар хиджабпен жүруі керек деген қатал заңға байланысты бұл чемпионаттан бас тартты.
Бұл туралы apsny.ge хабарлайды.
Әлемдік додаға байкот жариялаған әлем чемпионы бұл әрекетті әйелдер құқығының бұзылуына байланысты жасаған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ол хиджаб тақпайтынын және әйелдердің құқығы бұзыла бергенін қаламайтынын жазды. Тіпті осы үшін өміріндегі маңызды жарыстан да бас тарта алатынын да айтқан.
“Егер турнирдің өткізілетін орыны өзгермейтін болса, онда мен қатыспаймын. Мен бұған қатты қапалымын. Мен АҚШ атынан әлемдік додаға қатысу құқығына ие болған едім. Бірақ діни, саяси жағдайларға байланысты оған қатыса алмайтыныма өкінемін”, – деп жазды ол парақшасына.
Алайда Паикидзе мұнымен тоқтап қалмаған. Ол халықаралық шахмат федерациясына хат жазып, турнирдің орынын ауыстыруға және аталған шектеуді алып тастау туралы өтініш жазған.
Спортшының талабын 16 мыңға жуық адам қолдапты.
Оқи отырыңыз:
Көру қабілеті минус 17 болатын қазақстандық азамат спортпен айналысып, университетте білім алады
Футбол тарихында қақпашы соққан ең үздік гол (видео)