Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал сатирик жүргізген айтыста Ақтөбе жұрты Жүрсін Ерманды іздеп шулап қоя берген

Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбеде өткен ақындар айтысында Жүрсін Ерманды сұраған халыққа Көпен Әмірбек әзілмен жауап берді.

«Өнер орталығында» өткізілген республикалық ақындар айтысын ақын, сатирик, «Ара» журналының бас редакторы, еңбегі сіңген қайраткер Көпен Әмірбек жүргізген болатын, деп жазады aktobenews.kz.

Халыққа таныстырып, айтыс жүргізушісін ортаға шақырған сәтте көрермендер «Жүрсін қайда?» деп шулап кетті. Сатирик Көпен Әмірбек «стойка қайда?» деп салды.

Белгілі сатирик ақындарды хабарламас бұрын әзіл-шыны аралас әңгіме айтқан сайын халық қайта-қайта «айтыс, айтыс» деп әңгімесін басып тастап жатты.

Айта кетейік, Ақтөбеде «Жыр арқауы — жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысы өтіп, «Алтын домбыра» иесі анықталды. Үшінші орынды Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамыс және Әсет Дүйсебаев бөліп алса, екінші орынды Жарқынбек Наушабеков алды, бірінші орынды Сырым Әуезхан еншіледі.

Бас жүлде мен «Алтын домбыраны» Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды.

Тағы да оқыңыз:

Жақсылық Үшкемпіров пен Нұрсұлтан Назарбаев күш сынасты (видео)

ЭКСПО кезінде қаладан шығарылған қаңғыбас: Астанаға 6 күн жүріп әрең жеттім

Мешітке келген ұрылар сәждеге өтірік бас иген болып өзгелердің телефоны мен киімдерін ұрлап кетіп жүр

Талқылау