Айқасқа шық, қорқақ: Танымал самбошы спорт басқармасының басшысын жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық танымал самбошы Райса Байлиева өзінің басшысы, Ақтөбе облысы спорт басқармасының басқарушысы Нұрлыбек Жүсіповті жекпе-жекке шақырды. Ал өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтан жекпе-жекті бақылауын сұрады, деп хабарлайды Время басылымына сілтеп Stan.kz.

Байлиеваның мұндай қадамға баруының себебі жоқ емес. Өткен жылдың соңында мемлекеттік спорт басқармасы бірнеше дүркін дзюдо, самбо, әмбебап күрес чемпионы атанған Байлиеваны стипендия тағайындалғандар қатарынан алып тастаған. Ал 42 жастағы самбошы 2017 жылдың 20 қарашасында Ресейлік Медыньде өткен әмбебап күрестен өткен әлем чемпионатында алтын жүлдені иеленген еді. Десе де басқарма спортшының жасы келгенін және спорттан кететін уақыты келгенін айтқан.

«Менің жасыма келер болсақ, мен қатысып жүрген сайыстарда ардагерлік мәртебе жоқ. Онда ресми түрде барлығына қатысуға рұқсат. Тіпті 42 жастағы спортшылар да қатыса алады», – дейді Райса Байлиева.

Ал басқармадағылардың айтуынша, Байлиеваны тізімнен жасына байланысты алып тастамаған екен.

«Байлиева тізімнен жасына байланысты алынған жоқ. Аталған тізімнен олимпиадалық ойын түріне кірмейтін спортпен айналысатын спортшылардың барлығы алынды. Ол 20 адамға қатысты. Тек олимпиадалық және дәстүрлі спорт түрлерімен айналысатын спортшылар қалдырылды», – дейді Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басқарушысының орынбасары Азат Казиханов.

«Демек менің бұған дейін жеткен жеңістерімнің барлығы зая болғаны ма? Ал олимпиадалық спортқа кірмейтін спорт түрлерінің артықшылығы жоқ болғаны ма? Онда облыста соңғы екі жылда гiр тасын көтеруден спорт түрі бойынша, самбо бойынша ҚР чемпионатын не үшін өткізді?» – дейді Райса.

Алайда Ақтөбе облыстық спорт басқармасы Балиеваға шарт қойып, Азия ойындарында жеңіске жеткен жағдайда стипендия тағайындалған спортшылар тізіміне қайта қосатынын айтты.

«Мен алдымен облыстық спорт басқармасының басқарушысы Нұрлыбек Жүсіповпен арамыздағы жекпе-жекте жеңіске жетіп алайын.Оны өзіне қолайлы уақытта және орында жекпе-жекке шақырамын. Ал біздің жекпе-жегімізді облыстық әкімдік және облыс әкімі бақыласын. Менің ойымша, спорт басқармасында әр спортшыны шынайы қолдайтын және жеңіске жетуіне жағдай жасайтын адам басқарушы болуы керек», – дейді Байлиева.

Оқи отырыңыз:

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Сәкен Майғазиев: Әйелім 7 жылдан бері намаз оқиды

Атышулы Байзақова отандық топтың бейнебаянына түсті (видео)

Діни басқарма мәлімдемесі: Балиғат жасына толған мұсылман қызына орамал тағу – міндет

Көріпкел Бақыт Жұматова 2018 жылдың Қазақстан үшін қандай болатынын болжады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар