Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал рэпер әнші қыздардың дөкейлерге қалай “сатылатынын” айтты

Отандық шоу-бизнесте тек ән айтып қана қоймай, арсыз жолмен ақша табатын қыздар тобы баршылық деген пікір қоғам ішінде айтылып жүр. Алайда мұны ешкім ашық мойындамайды. Қыздардың өзі айтпаған сырды рэпер Парфюмер ашып берді.

Танымал рэпер әнші қыздардың дөкейлерге қалай "сатылатынын" айтты

Бұл туралы КТК арнасының “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Әдетте бұл қалай жүзеге асады? Үш әдемі қыздан топ құрады. Олардың гонорары шамамен – 2 мың доллар. Сұлу, көз қызығарлықтай, сексуалды қыздар. Біреудің корпоративінде өнер көрсетеді. Кештен кейін “ағашка” айтады: – Мына қыздармен бірге Дубайға ұшып кеткім келіп тұр, – деп үстінен тағы 10 мың доллар береді. Болды, ол қыздар сол кісімен бірге бір аптаға Дубайға кетеді”, – дейді рэпер.

Алайда әнші Фарема Қазақбаеваның айтуынша, қыздарды ешкім қинамайды. Сөзіне қарасақ, мұндайда дөкейлермен бірге көңіл көтеруге кей қыздардың өздері келіседі.

“Өз басым талай мәрте жабық кештерде өнер көрсеттім. Баруға қорқасың. Алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің. Менен билеуді талап етеді. Бірақ мен тек ән айтамын деймін. Сол себепті корпоративтерге өз көлігіммен барамын. Себебі бірдеңе бола қалса, тайып тұруға мүмкіндік бар”, – дейді бойжеткен.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау