Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал профессор тікелей эфирде сұхбат беріп отырған кезінде қайтыс болып кетті

Үндістандағы танымал профессор Рита Джитендра телефизиялық студияда тікелей эфирде сұхбат беріп отырған сәтінде жүрегі ұстап қалып, қайтыс болып кетті.

Танымал профессор тікелей эфирде сұхбат беріп отырған кезінде қайтыс болып кетті

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бағдарлама жүргізушісі Захид Муктардың сөзінше, 86 жастағы кейуана бағдарлама авторларына өмірі туралы айтып отырған. Сырт көзге бәрі жақсы болып көрінгенімен, Джитендра аяқ астынан сөйлей алмай қалып, ықылық ата бастапты. Мұнан кейін ол есінен танып қалды.

Салдарынан эфирді бірден тоқтатқан. Ал телестудия қызметкерлері профессорға алғашқы көмек көрсеткенімен, нәтиже болмапты. Артынша продюсерлер Джитендраны ауруханаға алып барған. Өз кезегінде дәрігерлер әйелдің жүрек ұстамасынан қайтыс болғанын айтып, өлімін тіркеді.

Телешоу авторларының сөзінше, профессор тікелей эфирге дейін жұмыс орнында жан тапсырғысы келетінін айтқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау