Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева ауырып жатыр

Күнделікті үздіксіз жұмыс істеп, түрлі жобасын таныстырып жүрген продюсер ауырып, үйінде ем қабылдап жатыр.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оның есімі бірде шулы оқиғалардың арасында аталса, енді бірде аспандағы жұлдыздай жарқ етіп төрден бірақ орын алады. Өзі айтқандай, өмірдің соқпағына еті үйренгендікі ме, оңайлықпен мұқалмайды. Сынды көзге ілмей, мақсатына жетпейінше тынбай еңбек етеді. Оны сыйлап, алғыс айтатын да, зілді сөздермен сынайтын да жандар көп. Мұның барлығы продюсер Баян Есентаева туралы айтылып жатыр.

Баян Мақсатқызы жұмыссыз жатса да, уақытты босқа жібермеуді жөн көрген секілді. Өйткені оқырмандарымен пікір алмасып, ішкі сырымен бөлісті. Әрдайым төзімді, жеңілістің не екенін білмейтін продюсер бұл жолы өзінің мінсіз емес екенін айтып ағынан жарылды. Тіпті көпшіліктен қателіктері үшін өзін айыптамауды сұрады.

“Мен мінсіз емеспін, менен үлгі алудың қажеті жоқ. Мен барлығы секілді қателесемін, әрі осылай жасауға құқығым да бар. Мені жіберген қателіктерім үшін айыптаудың да қажеті жоқ. Бар болғаны өзіме нәсіп етілген ғұмырды сүріп жатырмын… Мен робот емеспін, менен тым жоғары нәтижені талап етпеңдер” деп өзін хирург маманға теңеді. Бір отаны сәтсіз жасаған хирургтың ертесі жұмысқа келмей қоймайтындығын айтты.

ргл

Бұдан өзге инстаграмдағы парақшасында “Әлсізденіп, қызуым көтеріліп, үздіксіз лимон мен бал қосылған шай ішіп жатырмын, үш күннен бері үйдемін. Үйде отырған да жаман емес екен деген ойға келдім, тіпті далаға да шығуға ерініп жатырмын” деп мақсатсыз, аспандағы жұлдызсыз үй шаруасындағы әйел болып тыныш өмір сүрудің де ұнағанын жасырмады.

1

Продюсердің ауырып жатқанын естіген желі қолданушылары тез сауығып кетуін тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Есентаева жас әншілердің депутаттықа ұсынылуын сынағаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау