Карина жүкті емес: Танымал отандық вайнерлер жұбы халықты алдады

Yuframe вайнерлер тобының белсенді мүшелері Арман мен Карина екінші рет ата-ана атануға дайындалып жүргендерін айтты. Мұны естіген жанкүйерлер армиясы жұлдызды жұпты құттықтай жөнелді. Алайда көп ұзамай Арман мен Карина жалған ақпарат таратқандарын растады, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Танымал отандық вайнерлер екінші сәбилерін күтіп жүр

“Мұндайға дайын болу мүмкін емес. Осы кереметтей жаңалықты сіздерге жеткізе отырып, құттықтаулар қабылдауға дайынбыз”, – деп хабарлаған еді Арман мен Карина.

Дәл осы жазбаға 360 мыңнан аса адам “лайк” басып, 10 мыңнан аса оқырман пікір қалдырған. Көпшілік осыдан бір жыл бұрын ғана сәбилі болған жұптың пысықтығына қайран қалып, оларды құттықтауға асыққан-ды. Алайда көп ұзамай Арман мен Карина елді алдағандарын жария етті. Бұл – бар болғаны вайндар сериясын жарнамалау қадамы болып шықты.

Айта кетейік, вайнерлер жұбы 2016 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде жұлдызды жұптың 1 жастан асқан атұстары бар.

Yuframe – Қазақстандағы ең танымал вайнерлер тобы. Команданың желідегі парақшасын 3 миллионнан астам жан бақылайды. Топта Арман мен Каринадан бөлек, Айым Сейітметова мен Артур Асқарұлы бар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар