Хиджабтағы танымал сексолог: Қазақ қыздары “ұят болады” дегеннен қысылады

Сексуалдық тәрбиенің адам өміріндегі маңызы қандай? Балаға оны кім және қанша жастан бастап беруі керек? Сексуалды тұрғыда өзіңізге сай келетін адамды қалай іздеу қажет? Танымал отандық психолог Әнел Нұржаубаева Stan.kz ақпараттық агенттінің тілшісіне осы сұрақтарға жауап берді

Әнел, өзіңізге тоқталып өтсеңіз. Сексолог негізгі мамандығыңыз ба? Осы саланы таңдағанда ата-анаңыз қарсылық білдірген жоқ па?

Өзім мамандығым бойынша қаржыгермін. Бірақ үш жылдай уақыт бұрын вумбилдинг маманы болып, сексолог ретінде жұмыс жасаймын деген шешімге келдім. Мәскеуге барып, осы саланы меңгердім. Оқу аяқталған соң, емтихан тапсырып еліме оралдым.

Менің жанұям өте ашық адамдардан құралған. Әрқашанда маған шешім шығаруға мүмкіндік береді. Қолдау көрсетеді. Ешқандай проблемалар туындаған жоқ. Әке-шешем осы мамандық бойынша жұмыс істегенімді қолдады.

Хиджаб киетін болған соң, жұмысыңызға, қызығушылықтарыңызға қатысты сын айтатындар бар екен…

Менің ойымша, дін деген жеке нәрсе. Әр адамның Алламен ара-қатынасы екеуінің ортасында ғана. Оған үшінші адам араласа алмайды. Адам не істесе де ол тек өзі үшін. Үшінші адамдар маған бірнәрсе айтып, жазып жатса, ол олардың ойы. Мен тек күліп қоя саламын. Олар мен үшін өмір сүрмейді. Бақытты әлде пайдалы ма? Қандай және қалай өмір сүретінімді өзім шешемін. Адам баласы бірінші кезекте өзін тауып, күнәларын шешуі керек. Ешқашан біреуге тіл тигізбеймін. Өзімнің күнәларыма жауаптымын, басқасына мән бермеймін.

Дұрыс айтасыз, әркім бірінші кезекте өзі үшін жауап беруі керек. Әнел, қазақтарда сексуалды сауаттылық бар ма? Елімізде сексологтарға деген сұраныстың көрсеткіші қандай ?

Сексуалды сауаттылықты үйден бастап арттыру мәселесі бар. Қазіргі кезде аналар қыздарымен осы тақырыпта ашық сөйлеспейді, оларға ешнәрсе түсіндірмейді. Жалпы балалармен жыныстық даму кезеңі басталғанда сөйлесу қажет. Қыз балаға алғаш рет етеккірі келгенде анасы, ал ұл бала 9-10 жасқа толып, ер жете бастағанда онымен әкесі сөйлескені дұрыс. Үлкендер базалық дүниелерді, интимді мәселелерді қозғап, денеміздің қандай екенін балаларға түсіндіру керек.

Мен үш жыл бұрын жұмысты бастағанда көптеген адамдар түсініспеушілік танытты. Бірақ бүгінгі күні қазақтың қыздары ашылып, сауаттылықтарын арттырып жатыр. Мен осыны Алматыдан басқа қалаларға барғанда байқаймын.

Қазақ қыздары дәстүрлі және заманауи қоғамда өз орындарын қалыптастыруда қалыптасатын сыңайлы. Келісесіз бе?

Менің ойымша, біздің қыздар ішкі дүниелеріне қарағанда, дәстүрге көп көңіл бөлетін сияқты. Әр адам жеке тұлға, әркімнің өз бақыты бар. Бақыттың арнайы стандарты жоқ. Бізде өзіңді зерттеп білу жағынан проблема бар деп ойлаймын. Біздің қыздар, әйелдер біреуге ұнаймын деп жүріп, соңында өздерін шынайы бақытты сезінеді ме? деген сұрақ мазалайды. Көбінесе нәзік жандылар отыздан асқанда өздеріне осы сұрақты қоя бастайды. Сондықтан бүгінгі күннен бастап қыздар, әйелдер бақытты болуға не түрткі екенін анықтап, өз-өздерін зерттеулері қажет.

Жұмыс тәжірибеңізде сізді таңғалдырған оқиғалар болды ма?

Әртүрлі қалалардан бір-біріне ұқсамайтын оқиғаларды алып келетін көптеген қыздар бар. Өмір болған соң түрлі жағдайлар орын алады. Оларды бірақ қызықты деп айта алмайсың. Себебі, сексолог болған соң, әр жағдайға түсініспеушілікпен қарауға тырысасың.

Сексолог қай кезде көмектесе алмайды?

Мен тренер болған соң, сексолог ретінде көмек беруім керек. Бірақ кейде адам өзін өзгерткісі келмейтіндей жағдайлар бар. Маған келгенде адамның құлшынысы, мақсаты болуы тиіс. Ал егер ол өз айтқанынан қайтқысы келмесе, өзгермейтін мақсаты болса, мен оған көмектесе алмаймын.

Негізі, мен тек әйелдерге ғана көмек көрсетемін. Нәзік жандыларменен көбінесе денсаулық жағынан көмек сұрайды. Босанғаннан кейін қайта қалыпқа қалай келуге болады дегендей проблемаларымен келеді.

Бірақ тренингтерге ер адамдардың да қатысқылары келетінін айтып өтейін. Олар тақырыпқа қатысты өздерінде туындаған проблемаларымен сексолог болып жұмыс істейтін ер адамдарға бармайды. Егер болашақта сұраныс туып жатса, әйелі мен күйеуіне, жұптарға кеңес беретін боламын.

Сексуалды тұрғыда бір-бірімізге сай келмейміз деп көмек сұрап келетіндер бар ма?

Ал секусалды сәйкестік жайлы айтатын болсақ, ислам дінінде интимді тақырыптарда сұрақ қойғанның еш ұяттығы жоқ. Әсіресе, күйеуге тиетін кезде. Қыз үшін жыныстық қатынас өте маңызды болса, ол өзіне қажетті сұрақтарды болашақ күйеуіне қойып алуы тиіс. Интимді жағынан сұрақтарды ашық қою қалыпты жағдай. Егер сұрақтар некеге дейін талқыланбаса, жұбайлар кейін бір-біріне сәйкес келмегендіктен, ажырасып кетулері мүмкін. Ислам бойынша, интимді жағынан сәйкестік болмаса, ерлі-зайыптылардың ажырасуға құқықтары бар. Кейбір жанұяларға жыныстық қатынасқа түсу қызықсыз.

Бұл мәселе адамдардың өзіне, жұпқа байланысты. Егер екеуі де жыныстық қатынассыз өздерін бақытты сезіне білсе, онда ол жұбайлар үшін қалыпты жағдай деп айта аламыз. Әр адамның өз таңдауы бар. Екеуі бір-біріне не қажет екенін өздері шешеді.

Әйел адам өз-өзін күтіп, нәзіктігін жоғалтып алмауы үшін жарты күн ғана жұмыс істеуі керек деген пікірмен келісесіз бе?

Жарты күн немесе толық күн істеу — әйел адамның өз шешімі. Ең бастысы — жұмысы ұнау керек, одан рахат алуы қажет. Жұмысқа, балаларына, жанұясына өзін күтуге уақыт бөліп, гармония табуы тиіс. Жұмысы ұнаса, одан ләззат алса, нәзіктігін жоғалтпайды.

Сіздің пікіріңізше, жеке қатынасқа келгенде қазақ қыздарының бойында қандай қорқыныш басымырақ?

Қорқыныш емес, оларды “ұят болады” деген нәрсе қысады. Олар өз-өздерін аша алмайды, сосын бұл жеке қарым-қатынаста кедергі жасайды. Жыныстық қатынаста күйеуімен проблемалар туындайды. Көп қыздар маған келгенде ашылады. Қазіргі қыздарда ұят, дұрыс емес деген қате түсінік қалыптасқан. Біз оларды сүзгілейміз.

Қазір бала көтере алмай жүрген азаматшаларға қандай кеңес бере аласыз?

Біріншіден олар өздерін, денсаулықтырын күтулері қажет. Бір жағынан алсақ, екіқабат болуды жоспарлау қажет. Психологиялық жағынан айтсақ, көбісі қорқады, дайын емес. Әйел адам өзін бақытты сезіну керек. Екі қабат болуға арналған тренингтерге қатысып, сосын бұл проблеманы қатты ұстанбай, оны Аллаға тапсырып, уайымдамай жүрсе екен. Арнайы жаттығуларды жасап, йога, вумбилдингке қатысса, жақсы болар еді. Олар көмектеседі. Өзін күтіп, жақсы көңіл күймен жүрсе, ИншАлла екіқабат болады.

Ер адамдар неліктен көзге шөп салады?

Еркектерді полигамды деп айтуға болады. Қандай болса да бәрібір әйелдерге қарайды. Бірақ қарауы, екінші әйел аламын деп ойлауы бір дүние, ал алғаны мүлдем бөлек нәрсе. Егер ол екінші әйел алса, бірінші жарында бірнәрсе жетіспейді деген сөз. Егер алғашқы әйелінде барлығы бар болса, ер адам екінші, үшіншіні алмайды. Әрине, өмірде түрлі жағдайлар болады.

Әйелі барлығы бар, бірақ ер адамға екіншісі керек. Мұны дұрыс не бұрыс деп айта алмаймыз. Себебі, қандай жағдай орын алса да, ол сол адамның шешімі. Екі кісінің арасындағыны біз білмейміз. Бірақ еркек екіншісін алса, демек оған бірінші әйелінің тарапынан бірнәрсе жетіспей жатыр, әйелі оған бір дүниені бермей жатыр деген сөз.

Ал әйел күйеуінің опасыздық жасап жүргенін білгенде не істеуі керек?

Өз-өзінен сол фактпен ары қарай өмір сүруге дайын не дайын емес екендігін сұрауы қажет. Біреуі ақша үшін, бала үшін көніп жүре беруі мүмкін. Кейбіреулер шыдамай, ажырасып кетеді. Түрлі жағдайлар бар.

Қазақстандық әйелдерге сексуалды сауаттылықты, тартымдылықты арттыру үшін қандай кеңестер бересіз?

Ең бірінші қыздар өмірдегі позицияларын анықтап алулары қажет. Әрқайсысы “Қандай адаммын? Бақытты өмір сүру үшін не істеу керекпін? Түсінігімде бақыт деген не? деген сұрақтарға жауап тауып, өмірін құруы тиіс. Проблемалардың көбісі “басқалар не ойлайды?”, “басқалар не айтады?” деген сұрақтардан туындайды. Бізде әйелдер басқа біреуді бірінші орынға, ал өздерін төртінші, бесінші орынға қояды.

Уақытты босқа кетірмеу үшін қазірден бастап өзіңізді дамытыңыз. Кейін 40-50-ге келгенде “неге мен осылай істедім” деп өкінбейсіз. Өзіңізді танытып, күйеуіңізді, балалаларыңызды бақытты қылуға тырысу керек.

Танытудың бірнеше жолдары бар ма? Әрқайсысына тоқталып өтсеңіз?

Біздің әйелдерде өз-өзін жақсы көру деген жоқ. Осы проблема болып тұр. Біріншіден, физиологиялық жақтан өз денеңізді танытқаныңыз абзал. Сіздің денеңізді бірінші кезекте күйеуіңіз емес, өзіңіз зерттеу керексіз. Сексуалды жақтан айтқанда, әйел адам өз-өзін зерттемеген соң, ер кісі оған рахат, ләззат бере алмайды. Сосын проблемалар басталады. Қандай болсаңыз да өзіңізді қабылдаңыз, сүйе біліңіз.

Екіншіден өзіңізді қинамаңыз. Шаршасаңыз “неге мен шаршадым?”, ауырсаңыз “неге ауырдым?” деп өз-өзіңізден сұраңыз, сөйлесіңіз. Денеңізді тыңдаңыз. Мұны медитация деп те айтуға болады. Психологиялық тұрғыдан алғанда түсіну, қабылдай білу өте маңызды. Жағдайға жан-жағынан қарайсыз. Және сіз өзіңізді таныған соң, басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас құрасыз.

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар