Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал КВН ойыншысы Еркебұлан Мырзабек шаңырақ көтерді (фото)

Еркебұлан Мырзабек шаңырақ көтерді. Қуанышты хабарды алғашқылардың бірі болып әріптесі Марат Оралғазин бөлісті.

image

Фото: instagram.com/oralgazin/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Танымал КВН ойыншысы Еркебұлан Мырзабек өз сыңарын тапты. Әзілқой Ақерке есімді бойжеткенмен көңіл қосып, дүркіретіп ұзату тойын жасады. Ал үлкен той ағымдағы айдың 26-шы жұлдызына жоспарланып отыр.

Барша әріптестері Еркебұланның қуанышын бөлісіп, желіде құттықтап жатты. “Біздің Еркеша өз Еркесін тапты! Енді дүниеге тағы бір нағыз еркенің келуін күтеміз! Бақытты бол, бауырым, досым, туғаным! Енді үлкен тойға дайындалып жатырмыз! Түркістан, құтты болсын!” – дейді Марат Оралғазин.

Ұзату тойда Аlldavay тобы өнер көрсетіп, жас жұбайларға тосын сый жасады.  “Қазақстанда тағы да бір сүрбойдақтың саны азайды. Жұрт Кеша деген атпен танитын Еркебұлан Ақерке есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерді. Еліміздегі мықты КВН ойыншысының тойы қалай өтіп жатқанын өздеріңіз де сезіп тұрған шығарсыздар. Үбірлі-шүбірлі болып, бақытты да мәңгілік ғұмыр кешіңдер”, – дейді Марат Шоқанұлы.

13696664_1149057538483610_452147528_n

Еркебұлан Мырзабек Масляков халықаралық КВН одағы лигаларында, отандық Жайдарман ойындарында өнер көрсеткен. Телевизияға алғаш рет 2009 жылы келген. “Мәссаған” жобасына сценарийші әрі жүргізуші ретінде шақырылған болатын. Мұнымен қатар, “Вузеры” сынды ситкомда ойнаған. Қазіргі таңда “Ду Қол Шоколад” жобасының авторы әрі сценарийін жазушысы.


Жіберіп алмаңыз:

36 жастағы Асылбек Еңсепов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Қазақ боксшысы Жанқош Тұраров шаңырақ көтерді

Жазушы Дидар Амантай мен әнші Гүлбаршын Тергеубекова шаңырақ көтерді

“Стамбул көшелері” телехикаясындағы Маджит пен Нериман шаңырақ көтерді

Талқылау