Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал аяқ киім брендтерінің кроссовкалары денсаулыққа зиян болып шықты

Size? Аяқ-киім ретейлерінің қызметкерлері кроссовкалардың ішкі жағы оның табанынан да қатты кірлеу екенін анықтаған,  деп жазады Stan.kz.

Танымал кроссовкалар денсаулыққа зиян болып шықты

Сарапшылар әлемдік Converse, Nike және adidas брендерінің аяқ-киімдері дайындалған материалдарды зерттеген. Олар аяқ киімнің ішкі жағынан және табанынан сынаққа үлгі алған, әрі оларды бес күнге жылы және караңғы жерге қалдырған. Осы арқылы олар бактериялардың қалай көбейетінін тексерген.

Бірінші болып Nike Air Force 1-дің ақ және қара кроссовкалары зерттелген. Аппақ болып көрінетін аяқ киім қараға қарағанда қатты ластанған. Дәл сол ақ аяқ киімде бактериялар көп жиналған.

Бұдан кейін мамандар аяқ киімді жалаң аяққа кигеннің қаншалықты зиян екенін анықтаған. Converse моделінің кроссовкасын шұлықсыз киген кезде аяқта микробтар саны тезірек көбейеді екен.

Ал ең таза болып жаттығудан кейін шешкен кроссовкалар танылған. Ал ең көп бактериялар adidas Munches кроссовкасында жинақталған. Және түнгі клубтан кейін аяқ киімдерде көп микробтар болады екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау