Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал композитор жалаңаштанып танылған әншінің жанында отырудан бас тартты

Фарема Қазақбаева – бұрынғы “Кофеин” тобының әншісі. Біраз уақыт гелзбендте ән салған бикеш бүгінде жекелей өнер көрсетіп жүр. Алайда көпшілік Фареманы өнері арқылы емес, жалаңаш суреттері арқылы таниды.

Танымал композитор жалаңаштанып танылған әншінің жанында отырудан бас тартты

Фарема Қазақбаева КТК арнасының “Астарлы ақиқат” бағдарламасына қатысып, өзін сынаған жұртқа жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Фарема күнделікті өмірде жалаңаш жүрмейтінін айтады.

“Сахналық образ деген түсінік бар. Көшеге іш киіммен шықпаймын ғой. Біз бір орында тұрмауымыз керек”, – дейді бойжеткен.

Семейлік ару жақында өзінің туған жерінде жеке кешін беріп қайтқан. Айтуына қарағанда, осыдан 8 жыл бұрын Алматыға келген Фарема туған жеріне әнші болып оралуға уәде берген. Әнші болғанымды әжем қалады, дейді өзі.

“Instagram парақшам өте күшті деп ойлаймын. Мен қызықсыз адам болсам, 135 мың адам мені оқымас еді. Менің парақшама 2 миллионға жуық адам кіріп шығады. Өзімнің жасап жүрген ісім өзіме ұнайды. Белгілі бір шек болады, мен сол шектен шығып жүрген жоқпын деп ойлаймын.

Оның ішінде мені жек көретін адамдар да көп. Менің парақшама жазылып алып, аузына келгенін жазатын адамдарды өз басым түсінбеймін. Менің шығармашылығымды бағалаушылар, сыншылар бар”, – дейді Қазақбаева.

Бағдарламаға сыншы болып келген сазгер Жарылқасын Дәулет Фареманың даусына оң бағасын берді. Алайда жалаңаш кейпімен танылған қазақ қызына ашуланған композитор шыдай алмай, орнынан тұрып кетті.

“Айналайын-ау, әжең саған тыржалаңаш сахнаға шық деп айтты ма? Қазақтың ұлттық ар-намысын таптап жатқан сен сияқтыларды мен қарағым келмейді. Даусың қандай жақсы, адам өзі Алла берген талантын жақсылыққа жұмсамаса, ертең саған еліктейтіндер көбейеді. Екіншіден, сен де ертең бала бағасың, немере бағасың, сонда немереңе осындай әжесінің тыржалаңаш болғаны намысына тимей ме? Соны ойламайсың ба, айналайын? 16 миллион адамның алдында тыржалаңаш жүргеннен гөрі жеке өміріңде тыржалаңаш жүргенің жақсы еді. Мен мынадай қыздың жанында отырғым келмейді”, – деген Жарылқасын Дәулет бағдарламаға қатысудан бас тартты.

Ал өзін сынаушыларға Фареманың берер жауабы дайын:

“Сіздер түсінесіздер ме, біз өмір бойы “Қызыл өрікті” айтып, той тойлап жүре алмаймыз ғой. Бізде шоу-бизнес жоқ. Америкаға қараңыздаршы, оларда шоудың неше түрі бар. Қандай сахналық образдар, клиптері қандай?! Оларды бұл үшін ешкім сынамайды. Керісінше “қандай молодец, әдемі қимылдайды, дене бітімі тартымды, әні қандай” деп қолдау көрсетеді. Мен де шоу-бизнестен кетіп, 4 жылдай әртүрлі жұмыстар істеп көрдім. Риелтор да болдым. Бірақ ол менің салам емес, қолымнан келмейді”, – деген Фарема өзінің кәсіби әнші екенін, тіпті, диплом бойынша опера әншісі екенін айтып өтті.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау