Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал хит әнмен беташар өткізген асаба жұрттың сынына қалды (видео)

Желіде тарап кеткен заманауи беташардың видеосы желі қолданушыларын ашуландырды. Асаба бүгінде хитке айыналған «Шудың бойында» әнімен беташар рәсімін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Танымал хит әнмен беташар өткізген асаба жұрттың сынына қалды (видео)

Желіде асабаның Ақан Отыншиевтің «Шудың бойында» әнімен беташар рәсімін өткізген сәтінің видеосы пайда болды. Ақ босаға аттаған келін дәл осы әннің сүйемелдеуімен иіліп сәлем беруге мәжбүр болды.

Өз кезегінде желі қолданушылары асабаны сынға алып, қазақтың дәстүрін мазаққа айналдырмауды сұрады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🌟Жұлдыздар Инстаграмы🌟 (@insta_juldyzdar_kaz)

«Дәстүрдің өзгертудің не керегі бар? Беташар емес, цирк», «Қазақтың осы күнге дейін сары майдай сақталып келген дәстүрінің быт-шытын шығарыпты», «Біз құндылықтарымызды жоғалтып, оларды ойыншыққа айналдырып жатырмыз. Оған қоса басқа ұлттардың бізді сыйлағанын қалаймыз», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау