Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық журналисті пойызда пышақтап кетті

Қазақстандық азаматтық белсенді, журналист Рамазан Есіргеповке біреу пышақпен шабуылдады. Қазір ол Жамбыл облысы Шу қаласында ауруханада ауыр халде жатыр.

0B939E41-81D9-48AF-A1A2-2C7479F55E90_cx0_cy15_cw0_w1023_r1_s

«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қоры басқармасының төрағасы Рамазан Есіргепов мамырдың 14-і күні Алматыдан шыққан жолаушылар пойызымен Жамбыл облысындағы Шу қаласына жете бергенде шабуылға ұшырады. Біреу оған пышақ сұғып, ауыр жарақаттағанн, – деп жазады Азаттық.

«Журналистер қауіп-қатерде» қорының директоры Розлана Таукина әріптесі Рамазан Есіргеповке әлдекім пышақпен шабуылдағаны туралы суыт хабарды таңсәріде естігенін айтады. Оның сөзінше, осының қарасңында, сенбі күні кешке Алматыдан Астанаға шығар алдында Есіргепов оған телефонмен хабарласқан.

“Таңғы сағат бес шамасында біреу оның ұялы телефонынан маған хабарласып, «Рамазанды пышақтап тастады» деп қана айтты. Телефон соғып едім жауап бермеді”, – дейді ол.

Таукинаның сөзінше, Рамазан Есіргеповке Шу қаласындағы ауруханада операция жасалғанын ол тараздық құқық қорғаушы Руслан Халидовтың көмегімен білген. Азаттық сөйлескен құқық қорғаушы Руслан Халидов жексенбі күні таңертең құқық органдарындағы дереккөздер оған ішіне пышақ сұғылған Рамазан Есіргеповке Шу ауруханасында операция жасалып, науқастың реанимация бөлімінде жатқанын растағанын айтып берді.

Шу ауруханасы қабылдау бөлімінің медбикесі Айгүл Рахманова бүгін таңертең ауруханаға түскен Рамазан Есіргеповтің операциядан кейін реанимация бөлімінде жатқанын, оның денсаулық жағдайы “тұрақты ауыр” екенін ғана айтып, басқа ақпарат беруден бас тартты.

Рамазан Есіргеповтің ұлы Алматыдан Шуға жолға шыққан. Туыс-туғандары мен дос-жолдастары жуық арада Есіргепов жайлы толымды ақпарат болып қалар деп үміттеніп отыр.

Тәуелсіз “Алма-Ата Инфо” газетінің бас редакторы болған Рамазан Есіргепов 2009 жылы 8 тамызда Тараз қалалық сотының үкімімен “мемлекеттік құпияны жариялады” деген айыппен үш жылға сотталып, жаза мерзімін түрмеде толық өтеген.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда жоғалған қыз жаңалықтардан анасының шексіз махаббатын оқып үйіне өзі оралды

Қой құлағының ішінен тістері бар ауыз шықты (видео)

Алматыда белгілі блогер қызды “алып қашып” кетті (видео)

Талқылау