Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық спорт комментаторы өмірден озды

Қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратайұлы сексен екі жасында өмірден өтті.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирде алғаш рет қазақша сайратқан Сұлтанғали Қаратайұлы еді. Оның спорт репортаждары әлі күнге дейін алтын қорда сақтаулы тұр,  деп көңіл айтады Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізгені жасырын емес. Мәселен, “Айып алаңы”, “Оң қаптал”, “Сол қаптал”, “Қосалқы құрам” тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.

Сұлтанғали Қаратайұлының спорт журналистикасындағы еңбегі ерен. Сонымен қатар, бірнеше тарихи-танымдық мақалалары мен аударма еңбектері де жарық көрді.

Тағы да оқыңыз:

40 жылдан соң шындықты білді: Перзентхана қызметкерлері балаларды ауыстырып алған

Елбасы Қанат Бозымбаевқа берілген сөгісті алып тастады

Ақмола облысының әкімі үкімет отырысының “шырқын бұзды”

Талқылау