Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық футболшының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Танымал қазақстандық футболшы Бауыржан Жолшиев мас күйінде көлік айдап екінші рет ұсталды.

7777

Бұл туралы “Время” басылымы хабарлайды.

Сот үкімімен Жолшиев 200 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттелген. Футболшыны полиция қызметкерлері алғаш рет 2016 жылы 14 қыркүйекте Достық даңғылының бойында тоқтатады. Тексеру барысында оның мас күйде көлік жүргізгені белгілі болып, сот шешімімен үш жылға көлік айдау құқығынан айырылған. Осыған қарамастан ол биылғы жылдың 3 сәуірінде алкогольді мас күйде тағы да көлік рөлінде келе жатып ұсталды. Ол таңғы сағат 4-те Әл-Фараби даңғылының бойында келе жатқан.

Заң бойынша футболшы көше тазалаудан бас тартса, онда түрмеден бір-ақ шығуы мүмкін екен.

26 жастағы футболшы 2015 жылдың желтоқсан айынан бері клубсыз жүр. Ол соңғы рет “Астана” сапында ойнап, команданың Чемпиондар Лигасының топтық кезеңге шығуына атсалысқан. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 14 матчқа қатысып, 3 гол соққан.

Оқи отырыңыз:

WBC президенті Головкинге «жарнама жасады»

Давид Вильяның ғажайып голы хитке айналды (видео)

Роналду өзінің қыз зорлады деген айыптауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақтың боксшы қызы Назым Қызайбай жейделер топтамасын шығарды

Талқылау