Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық блогер Тайландта ауруханаға түсті

Әлеуметтік желіде Supermamasita атауымен танымал блогер Әлия Байтоғаева Мадагаскар аралына барғаннан кейін Таи елінде ауруханаға түсті.

Айтуынша ол Мадагаскарға барған кезде оны маймыл тістеп алған. Басында қыз бұл жағдайға аса мән бермеген. Бұл туралы ол Инстаграмда жазады.

Бірақ келесі күні дене қызуы қатты көтеріліп, үш күн бойы түспей қояды.

“Күйеуім бүкіл дәріхананы шарлап шықты, бірақ бұл елде антибиотик тіпті шприц те сатпайды екен. Бұл заң бойыншы тыйым. Антибитотик екпесін тек клиникада салдыруға болады. Түнімен қиналып, жылап шықтым”, – дейді ол.

Дәрігер болса тістегеннен кейін 24 сағат ішінде қаралмаған соң, жағдайдың қиынға соғатынын, тіпті 3-4 айдан соң өлетінін де айтыпты. Осыдан кейін барып қан мен дәрет анализін тапсыруға жіберген.

“Нәтижесін тура бір сағат күттім. Осы уақытта бүкіл өмірім көз алдымнан өтті. Тіпті Алладан кешірім сұрап, өзімді ойша өлтіріп те қойдым. Тек жылай бердім, ешкімді естімедім. Осы кезде отбасымның балаларымның қасында болғым келді”, – дейді блогер.

Оқи отырыңыз:

Француз хирургтары 15 жыл бойы миы “өлі” күйде жатқан ер адамды оятты

Комада жатқан науқас аппаратын өшіретін кезде оянып кеткен

Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинаны жаппай егу басталады

Ғалымдар күйзелісті ұйқысыздықпен емдеуге болатынын айтты

Талқылау