Танымал қазақ сатиригі өзінен 32 жас кіші әйелін көрсетті (фото, видео)

Танымал қазақ сатиригі Мұхтар Шерім өзінен 32 жас кіші жұбайымен қалай өмір сүріп жатқанын айтты. Арадағы жас айырмашылығына қарамастан 60 жастағы сатирик пен жары үш баланы тәрбиелеп отыр.

Бұл туралы ол «Замана» газетіне берген сұқбатында айтты.

Жуырда 60 жасқа толған танымал қазақ сатиригі Мұхтар Шерім өзінің отбасылық өмірі туралы айтып берді. Өзінен 32 жас кіші бойжеткенді жар еткен ол 28 жастағы жұбайымен арадағы қарым-қатынасы туралы ашық айтты.

«Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Әйелім, үш балам бар. Балалар өсіп жатыр. Әйелім менен 32 жас кіші болса да жағдайымды, жай-күйімді жақсы түсінеді. Шығармашылығымды сүйіп оқиды. Әрда­йым демеу болып жүреді. «Ақыл – жастан» дегендей көп нәрсені біледі, ақыл қосып отырады», — дейді ол.

Сатириктің айтуынша, бастапқыда  жас келіншегі екеуінің арасына от салғандар аз болмаған.

«Қазақта «Үш күннен кейін көрге де үйренесің» деген сөз бар ғой. Біз бір-бірімізге әбден үйренісіп кеткенбіз. «Сіз» дегені болмаса кәдімгі құрдастарша қалжыңдасамыз.

Танымал қазақ сатиригі өзінен 32 жас кіші әйелін көрсетті (фото, видео)

Қызғаныш деген атымен жоқ. Жеңгелеріңіз ағайын-туыспен де сондай қарым-қатынаста.

Туыстардың тойы онсыз өтпейді. Абысындарымен де ақылдасып, бар ша­руаны ұршықша иіріп отыр. Меніңше, бұл адамның өзіне байланысты болса керек.

Болмады демеймін, алғаш­қы кезде бізде де қиыншылық болды. Арамыз­ға от салғысы келетіндер де табылды. Бірақ жеңгелерің оның бәріне түсіністікпен қарады.

Төзе білді. Себебі тұрмысқа шығуды ол саналы түрде қабылдады. Анасының ақ батасын алып, сол кісілердің ризашылығымен босағамнан аттады», — деді ол.

Тағы да оқыңыз:

Жан Ахмадиев: Жезөкшелерді малға теңеймін

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

«Әйелдерді қамшымен ұру керек» деп уағыз айтқан белгілі исламтанушы халықтан кешірім сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар