Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақ актрисасы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға қарсы емес

Белгілі актриса Сая Оразғалиеваның пікірінше, аралас некеде айып жоқ. Кино жұлдызы болашақта өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға қарсы емес. Саяның айтуынша, екі адам бір-бірін сүйіп әрі түсініп тұрса, оның ұлтының қандай болғаны маңызды емес.

Сая Оразғалиева

Бұл туралы Сая Hit-Tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Мен аралас некеге қарсы емеспін. Көзқарасым тура. Бәлкім кейбіреулер мені осы сөзім үшін сөгуі мүмкін. Бірақ барлығымыз да Құдайдың жаратқан пендесіміз. Соны естен шығармайық. Махаббат, түсіністік пен сенім болса болғаны. Жалпы қазақтарда өзге ұлтпен некелесуге болмайды деген наным қалыптасқан”, – дейді Оразғалиева.

Бір қызығы, Саяның отбасында аралас некеге тұрған азаматтар мен азаматшалар көп болып шықты.

“Отбасымызда ортақ айтылатын сөз бар. “Жаман ұлт болмайды, жаман ұл болады”. Біз әртүрлі ұлт өкілінің қаны араласқан жанұямыз. Ата-бабамның кейбірінің жұбайлары басқа этнос өкілі. Мәселен, атамнан алты ұрпақ тараған. Әрқайсысы әртүрлі ұлт өкілімен отбасын құрған. Әпкеміз татарға, ағамыз орыстан қыз алған. Қазақтар да бар. Біз мұсылмандармен қатар, өзге де дін өкілдерінің айтулы күндерін тойлаймыз”, – дейді актриса.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау