Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал Голливуд актері ешқашан әке атанғысы келмейтінін айтты

Танымал голливудтік актер Киан Ривз ешқашан әке атанбайтынын айтты. Ол британиялық Esquire басылымына берген сұхбат барысында осындай ашық мәлімдеме жасады.

__vs

Фото: Reuters

“Менің жасым 52-де, енді тым кеш. Мен әке атануға тырыспаймын, осымен бәрі бітті”, – деді актер.

Алайда басылым журналисті адамдардың кез-келген жаста әке атануға мүмкіндігі бар екенін айтып, сөзіне мысал ретінде 73 жасында балалы болған The Rolling Stones көшбасшысы Мик Джаггерді келтіреді.

“Оның жасы қаншада өзі?…Ол өлмейтін”, – дейді актер.

Киан Ривз ешқашан үйленбеген. 1999 жылы ол әке атануы мүмкін еді, алайда сүйіктісі Дженнифер Сайм өлі қызды өмірге алып келеді. Екі жылдан соң Сайм жол апатынан қайтыс болды.

Ривз жалғыздыққа бейімділігімен танымал. Оны жалғыз тамақ немес кофе ішіп отырған, немесе саябақта аралап жүрген кейпінде жиі көруге болады екен.

Талқылау