Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал дизайнер телефонды алып жүрудің ерекше тәсілін ойлап тапты

Maison Margiela маркасының дизайнері Джон Гальяно смартфондарды алып жүрудің ерекше тәсілін ойлап тапты.

Танымал дизайнер телефонды алып жүрудің ерекше тәсілін ойлап тапты

Бұл туралы The Sun хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Танымал дизайнер смартфондарды аяққа қыстырып жүруге арналған құрылғы ойлап тапты. Яғни, телефон арнайы ұстағышқа, ал ол өз кезегінде тобыққа бекітіледі. Дизайнер, осылайша телефонды салып жүруге қалтасы немесее сөмкесі жоқтардың мәселесін шешті.

Дегенмен, осындай өнертабысты сатып алу қиынға соғады. Apple компаниясы бұл құрылғыны өзінің ресми дүкендерінде сатуы екіталай. Себебі, аяққа бекілген телефон жанында өтіп бара жатқан адамның аяғына тиіп, бұзылып қалуы мүмкін.

Танымал дизайнер телефонды алып жүрудің ерекше тәсілін ойлап тапты

Бұл құрылғыны пайдаланған қолданушының суреті Maison Margiela брендінің инстаграм парақшасында жарияланды. Өнертабысты көрген оқырмандар әрине өз пікірлерімен бөлісіп, динайнердің құрылғысын сынға алды.

«Бұл шын мәнінде ақымақтық. Кім аяқтың деңгейінде тікелей эфирге шығады дейсің?»,- деп таңғалды.

Танымал дизайнер телефонды алып жүрудің ерекше тәсілін ойлап тапты

«Бұл марафонды видеоға немесе суретке түсіру өте ыңғайлы екен!» – деді тағы басқалары.

Дизайнер Гальяно бұл құрылғыны өзінің Париждегі сән көрсетілімінде таныстырды. Өнертабыс Maison Margiela маркасының 2018 жылдың күз-қыс айына арналған жинақтың бір бөлігі болады.

Танымал дизайнер телефонды алып жүрудің ерекше тәсілін ойлап тапты

 

Талқылау