Танымал блогер Біржан Әшім Испанияда гомосексуалдан “таяқ жеп қала жаздады”

Біржан Әшім атты жастар арасында танымал вайнер Telegram желісіндегі парақшасында Ибица аралында шетелдіктермен қалай сөзге келіп  қалғанын жазып, оқырмандарының ішек-сілесін қатырды. Stan.kz ақпараттық агенттігі оның Испаниядағы оқиғасын оқып шығуға кеңес береді.

Автостоппен саяхаттауды ұнататын танымал видео-блогер Біржан Әшім, Испанияда орналасқан Ибица аралына демалуға барғанда мұндай түсініспеушілікке тап болатынын білген жоқ:

“Испаниядағы саяхатымызды аяқтау мақсатында Ибица аралына келген болатынбыз. Менен бөлек жанымда екі әріптесім: Эльдар деген операторым, Эдик атты жүргізушім және досым Диас бар. Төртеуіміз Барселонадан аралға  кемемен 6-7 сағаттың ішінде жеттік. Бірінші кезекте хостелге барып, шаршағанымызды басқымыз келді. Аралдың көшелері тар әрі өте әдемі еді. Сондықтан кемеден түсіп хостелімізге жеткенше көз алдымыздағы  сұлулықтың бәрін камераға түсіріп алдық, жергілікті кафеден тамақтанып та үлгердік. Жол бойы менің айтқанымның барлығы Эльдардың камерасына жазылды.

Хостелге жеткенде, оның қылтимасында тұрған кішкентай бойлы, ірі денелі, үстіне іш киімнен басқа ешнәрсе кимеген латынамерикалық жігітті көрдік. Біз одан неліктен есікті ешкім ашпайтынын сұрадық. Ол хостел иесінің жұмыстарымен сыртқа шығып кеткенін, кішкенеден соң келетінін түсіндірді. Осындай қарапайым әңгіменің арты дауға ұласатынын білген жоқпыз. Эльдар әлгі жігітті камераға түсіре бастап еді, ол кенеттен ашуланып кетті. “Қазір күтіңдер” деп қылтимада тұрған жерінен азамат бізбен бетпе-бет сөйлесу үшін асығып далаға шықты. Жігіт қолымыздағы камераны жұлып алып, оны сындырмақшы болды.  Әрине, оның бұл қылығына біз жай қарап тұра алмадық. Шындығын айту керек, тым батылсынып кеткен азаматтың осы ісі алғашында біз үшін ақылға қонымсыз болып көрінді.

Сосын оның  соңынан еріп келген,  екі есе ұзын, үш есе ірі латынамерикалықты  көргенде, кішкентай бойлының бағанадан бері біздің алдымызда неліктен батыр болып тұрғанын түсіндік.  Мен өмірімде әлгі шетелдік сынды ірі адамды көрген емеспін. Бір қызығы, оның да үстінде көгілдір іш киімнен басқа ешнәрсе  болған жоқ. Ал әлгі кішкентай жігіт болса,  аузы көпіріп, түсініксіз бірнәрселерді айтып жатты. Оның сөйлегендегі даусы күлкімізді келтірді. Сосын ол маған және менің достарыма күлгеніміз үшін тиісе бастады.  Кенет мен басымды жоғары көтеріп,  қылтима жаққа қарап едім, сол жерде ілініп тұрған  кемпірқосақ бейнеленген туға,  яғни ЛГБТ ұйымының  (Лесбиянка Гей Биосексуал Трансгендер)  туына көзім түсіп кетті. Іс ушығып бара жатты, ал  хостелде осындай азаматтардың бір емес, бірнеше екені басыма жеткен соң,  маған достарыммен бірге бұл жерден тез арада кету керектігін түсіндім. Даудың алдын-алып үлгердік. Мен камерамның сынбағанына қуандым. Біз жақсы қонақ үйге орналастық.  Тек Диас досымның көңіл-күйі болмады. Себебі, ол хостелдегі дәстүрлі емес жыныстық қатынасты ұстанатын жігіттің сазайын тарттырғысы келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар