Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал барабаншының сахна үстінде жүрегі тоқтап қалды

Танымал америкалық барабаншы, Megadeth тобының бұрынғы мүшесі Ник Менца сахнада өнер көрсетіп жатып қайтыс болды. Музыкант 52 жасқа толуға екі ай қалғанда өмірден озды.

aba00e3b868848203b7ec2d82a4e59d8

Сурет tagthebird

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қайғылы оқиға 21 мамыр күні Лос-Анджелестегі The Baked Potato джаз-клубында болған. Жедел жеткен дәрігерлер музыкантты құтқарып қала алмады.

b50757a7a7a8dec8032b34a65a1652ac

Ник Менца 1964 жылы 23 шілдеде Мюнхенде туған. Ол барабанда ойнауды екі жасынан бастапты. Ал кәсіби түрде 18 жасынан бастап айналысқан.

Менца   1988 жылы ағылшындық Брэдфорд қаласында  Megadeth-мен алғаш рет ойнады, келесі штаттық барабаншы саны бойынша үшінші ретінде топ құрамына кіріп,  топтың –  Rust in Peace, Youthanasia, Cryptic Writings  және  Countdown To Extinction төрт альбомында ойнады.

Соңғысы топтың коммерциялық сәтті альбомы болып, америкалық хит-парадта екінші, британдықта – бесінші орынды иеленді

Талқылау