Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың өмірбаяны

Stan.kz ақпараттық агенттіні «Жырың болып төгілемін елім» атты ақындар айтысында алтын домбыраны ұтып алған қазақстандық танымал жас айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың өмірбаянын ұсынады.

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың өмірбаяны

Қазақ даласы қашанда өз өнерпаздарымен мақтана алады. Бүгінде өзінің тәуелсіздігін алған жас Қазақстанда өнердің барлық түрі дамып келеді. Ата-бабамыздан дәстүр болып қалған айтыс өнері де әлі ұмыт болмайды. Себебі, елімізде айтыстың шаңын қағып, көсемсөзден алдына жан салмайтын өнерлі жандар бұл өнерді жалғастырып қана қоймай, жандандырып жүр. Солардың бірі Жандарбек Бұлғақов. Жас болса да, бүкіл Қазақстанға танылған қазақтың дарынды ұлы айтыс әлемінен ойып орын тапқан айтулы ақын Айтақын Бұлғақовтың ұлы. Әке мен баланың тамаша айтысын көрсеткен Бұлғақовтар отбасы жайлы көпшілігі біледі.

Айтақын Бұлғақовтың айтыс өнеріне деген махаббаты ұлының да киелі сахнаға шығуына ықпал етті. Айтақын Бұлғақовқа айтыскерлік нағашы жұртынан берілген екен. Сол секілді ақындық қанында бар әке өнері ұлы Жандарбектің де бойына дарыған. Жас та болса, айтары көп айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов 1991 жылы 25 сәуірде Талдықорған қаласында дүниеге келген. Әкесінен бөлек, Мұхаммеджан, Дәулеткерей, Балғынбек сынды ақындарға еліктеп өсіп, көп нәрсе үйренген. Қалада өскен Жандарбекті ата-анасы жыл сайын демалыс кездерінде ауылға жіберіп тұрғандықтан, жас ақын ауыл өмірін де көрді.

12-13 жасында оқушылар арасында өткен айтысқа қатысып, 15 жасында Сүйінбай Аронұлына арналған халықаралық айтыста бас жүлдені жеңіп алады. 11 сыныпқа дейін Талдықорған қаласында тұрған Жандарбек Астанаға білім алуға кетіп, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне түседі. Жандарбек айтыс өнерінің арқасында ерте есейді. Басқа балалар секілді ойыншықпен де ойнамаған екен. Кішкентайында ағашты не болмаса басқа заттырды алып, домбыра шерткендей күй көрсетіп, бала күнінен айтыс өнеріне қызыққан. Бойында ақындық, шешендік дарыған болашақ ақын кішігірім айтыстарға қатысып, кейін үлкен сахналарды бағындырды.

Әкесімен айтысып, көрермендерге тамаша айтыс көрсеткен Жандарбек бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетел сахналарына да шығып танымал болды. Ең алғаш 6-сыныпта айтысқа түскен. Ол кезде Жамбыл Жабаевтың тойында 10 сыныпта оқып жүрген Нарынқолдың тумасы Бағдат Сәрсенбаевпен айтысады. Сол сайыста бас жүлдені иемдегенген Жандарбек сыйлыққа түрлі түсті теледидар алады. Осы айтыстан кейін көптеген додаларға қатысып, 10-нан аса темір тұлпар ұтып алған.

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың өмірбаяны

2006 жылы ол Алматы қаласында өткен Қонаевқа арналған Республикалық ақындар айтысында І- орынды қанжығалады. Ал 2007 жылы Жамбыл Жабаевтың 161 жылдығына арналған Республикалықақындар айтысында Бас жүлдені, екі жылдан кейін Жамбыл облысында өткен Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған ақындар айтысында Бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ, 2009 жылы Алматы облысы Қаратал, Панфилов аудандарының 80 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтыстарында Бас жүлдені, 2011 жылы Талдықорғандағы Бақтыбай Жолбарысұлының 175 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында да Бас жүлдені жеңіп алды. Астана қаласында өткен Республикалық ақындар айтысында ІІІ-орын иемденген.

Сонымен қатар, Моңғолия, Ресей, Париж, Германияда да сахналарға шығып, өнер көрсетті. Бала күнінен айтысты ерекше сүйген Жандарбек Мэльс Қосымбаев, Мұхаметжан Тазабеков сынды аға буынды бұрынғы ақындармен айтысуды армандап өсті. Айтыс өнерінің майталманы болған Жандарбек әкесі Айтақын Бұлғақовпен, Серік Қалиев, Жәмиға Дәулетқызы, Бекарыс Шойбеков, Төреғали Төлеәлі, Мұхтар Ниязов, Данияр Алдаберген, Ринат Зайытов, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Балғынбек Имашев сынды айтыскер ақындармен айтысқан.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар