Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әншінің бұрынғы сүйіктісі өз үйінде бала күтушісін өртеп жіберді

Ирландиялық Boyzone тобының негізін салушы Марк Уолтонның бұрынғы сүйіктісі Сабрина Куайдер ұлты франукз бала күтушісін өлтірді деген күдікке ілінді.

34 жастағы әйел мен оның 40 жастағы жігіті екеуі әйелдің денесін толық өртеп жібермек болған. Бірақ, мәйітті толығымен жағып жіберу қолдарына н келмепті.

Полицияны ауладан шығып жатқан өрт пен түтінді көрген Сабринаның көршілері шақырған.

“Біз ұлымыз екеуміз мектептен келе жатқанбыз. Кенет ол көрші үйден шығып жатқан түтінді байқап қалды. Ол жақтан шыққан түтіннің иісі тым жағымсыз болды”, – дейді көршісі.

Оқиға орынына келген полицейлер бақ ішінен жасырылған адам сүйегін тапқан. Алайдың мәйітке қарап оның жынысын да, жасын да анықтау мүмкін болмапты. Дегенмен айналадағы адамдардан сұрау жүргізу арқылы Сабрина өзінің 21 жастағы бала күтушісі Софи Льюнетті өлтірді деген байлам жасалған.

Екі баланың анасын қылмысқа не итермелегені белгісіз. Таныстарының айтуынша Сабрина әлеуметтік желіге көңіл көтерген сәттерін жиі жариялаған және бай болған. Қазіргі уақытта Сабрина мен оның досы қылмысқа байланысты күдікке ілініп, тұтқындалды.

Оқи отырыңыз:

Егіз қыздарды шатастырып алған жігіт жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталды

Ауғанстандық босқындар кезек-кезек неміс қызды зорлап тастады

Римде жас жігіт 57 жастағы әйелді зорлап бағанаға байлап кеткен

Сирияға кеткендерден туыстары күдер үзген

Талқылау