Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші Селин Дион қайғыға душар болды

АҚШ-та 73 жасында канадалық әнші Селин Дионның күйеуі әрі менеджері Рене Анжелил қаза тапты.
Бұл туралы әнші «Фейсбуктегі» жеке парақшасында хабарлаған. Рене Анжелил Селин Дионның 12 жасында оған менеджер болған.

анши

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Обырмен ұзақ уақыт сырқаттанған Рене Анжелил Лас-Вегаста өз үйінде жан тапсырған.

Әнші қылтамақ болған жарын күтіп-бағу үшін әншілік карьерасын да тоқтатқан.

Анжелилде алғаш рет обыр диагнозы 1998 жылы анықталды, алайда отадан кейін ол жазылғанын хабарлаған. 2013 жылы оған тағы бір ота жасалды. Дәрігерлер ол кезде тағы да «жаман ауруды» анықтаған болатын.

ВВС агенттігінің хабарлауынша, Анжелил мен Селин Дион 1994 жылы үйленді, олардың үш баласы бар: үлкені 14 жаста, ал егіз ұлдары 2010 жылы дүниеге келген.

1981 жылы Анжелил енді көтеріліп келе жатқан әншінің алғашқы жазбасын қаржыландыру үшін өз үйін кепілге қойған.

Талқылау