Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші Нұрлан Албан Алматыда тегін өнер студиясын ашты (фото)

Алматыдағы оқушылар сарайында “Nurlan Alban” деп аталатын өнер мектебінің ашылу салтанаты болып өтті. Бұл әншінің өнердегі 20 жылына орай ұйымдастырылып отыр.

72ee011b579a14804b1de08bce4a9de4

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Студияны ашу арқылы әнші 7-15 жас аралығындағы балаларды сахна тілі, актерлік және вокалдық шеберлікке баулып, тіпті тележүргізушілерді де даярлап шығармақ.

Студияда білім алу алматылық оқушылар үшін тегін. Орталықтың алғашқы 50 шәкіртінің арасында аз қамтылған отбасылар мен көпбалалары отбасылардың балалары да бар. Барлық үміткерлер 5 қыркүйек-5 қазан аралығында кастингтен өткен.

a50d1ff42aa211329b7c1b5cda7982b3

Барлық оқушылар үшін толық оқу циклі 3 жылға созылады. Әр курсқа жас мұғалімдермен бірге Нұрлан Албанның өзі дәріс береді. Әнші тек балаларды ғана дамытып емес, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарын енді бітірген жастардың да қанатын қатайтуды қалайды. Осы себеппен жас педагогтар студияда оқушыларға тәлім бермек.

“Әр бала талантты. Мен үш баланың әкесі ретінде баланы ашу үшін оған уақытында сабақ берілуі керек екенін білемін. Менің биыл өнерде жүргеніме 20 жыл толады екен. Әрине мұның құрметіне үлкен той жасап немесе концерт беруімен болатын еді, бірақ мен мектеп ашуды дұрыс санадым. Қазір көптеген ата-ана баласының шығармашылығы үшін қаражат бөле алатын жағдайда емес. Мен өз ойымдағыдай тәлім беріп, актер, тележүргізушілер шығарамын деп ойлаймын. Егер осы 50 баланың ішінен 10-ы үлкен сахнаға шыға алса, онда бұл мен үшін үлкен сыйлық”, – дейді Нұрлан Албан.

cb474db875dbeb6dd594381ec0c42edc

Ашылу салтанатына танымал қазақстандық әншілер де қатысып, сахна тілі, актерлік шеберлік бойынша алғашқы дәрістерін өткізді.

aaff5bb9692a11cf7761c3e00fff41ee

“Сыныптар өте керемет жабдықталған, барлық сәндеу жұмыстарының керемет қолдан шыққаны көрініп тұр. Біз өзіміз мектепте оқығанда қандай залдарда дайындалып едік. Қазір қарасаңыз, барлық жағдай жасалған. Мұнда сабақ алуға келген балаларды да бұл ынталандырады. Бұл ретте оқушылар сарайы басшылығына да рахмет айту керек. Нұрлан өз ісін жақсы көреді, әрі үнемі насихаттап жүреді”, – деді ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева.

Оқи отырыңыз:

Ибрагимовтің тойына бара алмаған «МұзАрт» тобы жастарға ерекше құттықтау жолдады (видео)

Ерке Есмаханға құны 2,5 миллион теңге тұратын киім сыйланды

Эстрада жұлдыздары алғаш рет қанша жаста сүйіскендерін айтып берді

Роза Әлқожа сахнада құлап, аяғын сындырып алды (фото)

Талқылау