Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал ақын Қуандық Рахымның жаңа әніне таңқалғанын айтты (видео)

Өрлі өлеңдер мен танымал ән мәтіндерінің авторы Қалқаман Сарин хит әндерімен танылып келе жатқан Қуандық Рахымның жаңа әніне ерекше баға берді.

8989

Бұл туралы ақын Фейсбуктегі парақшасында жариялады. Қалқаман Сарин әншінің соңғы шыққан “Өлмейтіндер” әні туралы сөз қозғаған.

“Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған” деген хакім Абайдың сөзін еріксіз ойға оралтқан Қуандық Рахымның “Өлмейтіндер” əні – өлшеулі ғана өмірде өлшеусіз мұра қалдырған талай ақиық, нарқасқаларды тірілткендей күй кештіретін əн”, – деп жазады ақын.

Әнде қазақтың бетке ұстар ақын, әнші-композиторларын, өнер иелерінің есімдерін атай отыра, шын өнердің жүйріктерін дәріптейді. Ақын, осы ретте қазіргі таңда өнерге деген талғамның төмендеп кеткенін де еске салады.

“Осы бір олқылықтың орынын толтырып, ән өнеріне олжа салған “үштік одақ” – ақын – сазгер – әншінің үндескен, сәтті шыққан туындысы дер едім. Шын мәнінде, шығарманың сөзі мен сазы үйлесіп тұрса, оған орындаушы әншінің шеберлігі қосылса, көпшіліктің көңіл төрінен орын алары сөзсіз!”, – деп жазады Қалқаман Сарин.

Оқи отырыңыз:

Қоянбаев туған күнін еуропалықтарша ашық аспан астындағы мейрамханада тойлады (фото, видео)

Еркенің “Қайда” бейнебаяны 10 млн көрілім жинап, рекорд орнатты

Ерке Есмахан микрофонын инеге айырбастады

Мөлдір Әуелбекова сыңсу айтып, қыз ұзата бастады

Талқылау