Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал ақын Қалқаман Сариннің бесінші перзенті дүниеге келді

Бүгін қазақтың танымал ақыны Қалқаман Сариннің шаңырағында нәресте дүниеге келді. Бұл туралы ақынның өзі желідегі парақшасында жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Танымал ақын Қалқаман Сариннің бесінші перзенті дүниеге келді

Белгілі болғандай, ақынға жұбайы қыз сыйлаған.

«Сүйінші, ағайын! Біздің үйге көктем келді, қыз келді! Кемеңгер мен Алдияр қарындасты болды.  Алланың бергеніне сансыз шүкір! Баршаңызға жұғысты болсын!» – деп жазды Қалқаман Сарин Instagram-парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылары ақынның отбасындағы қуанышқа ортақтасып, ақжарма тілектерін жаудырды.

Айта кетсек, Қалқаман Сарин мен жұбайы Айсұлу Сапарбекқызы Аянат, Інжу есімді қыздары, Кемеңгер, Алдияр есімді ұлдарын тәрбиелеп отыр.

Танымал ақын Қалқаман Сариннің бесінші перзенті дүниеге келді

Әзірге ақынның бесінші перзентіне қандай есім қойғаны белгісіз.


Қалқаман Сарин: Ақынның 5 үздік өлеңі

Талқылау