Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актер Владимир Толоконников ауруханаға түсіп қалды

Михаил Булгаковтың шығармасының желісінде түсірілген «Собачье сердце» кинокартинасында басты рөлді сомдаған актер Владимир Толоконников жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Ол Қостанайдағы облыстық клиникалық ауруханада жатыр.

12750305

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

«Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ресей мемлекеттік сыйлығының лауреаты Владимир Толоконников Алматыдағы М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры труппасымен бірге Қостанайға гастрольдік сапармен келді. Оның қазіргі жағдайы бірқалыпты», –  деді труппаның бас әкімшісі Елена Дианова.

Театр ұжымы Қостанайға 18 тамыз күні келген. Гастрольдік сапарды ұйымдастырушылар алғашқы күні “Семейный портрет с посторонними” пьесасын қоюды жоспарлаған. Онда басты рөлді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ресей мемлекеттік сыйлығының лауреаты Владимир Толоконников сомдайды. Алайда ұшақтан түскеннен кейін актердің денсаулығы күрт нашарлағандықтан, ол жергілікті емханалардың біріне жеткізілген.

«Бүгін таңертең ауруханаға бардым. Актерді жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырды. Оның денсаулығы Қостанайдағы облыстық клиникалық аурухананың ең мықты дәрігерлерінің бақылауында. Өзі бүгін-ақ сахнаға шыққысы келіп тұр. Жоспар бойынша гастрөлдік сапарымызды Толоконников басты рөлді сомдайтын қойылыммен ашу керек болатынбыз. Дәрігерлермен сөйлесіп, дүйсенбіге дейін емдеп шығаруларын өтіндік. Оның жүрегі мен тамағы ауыратын еді. Ұшу мен ауа-райының ыстық болуы оған кері әсер еткен ұқсайды. Ауруханадан шығуға асыққан еді. Алайда кейін бұл ойынан айныды. Пульмонология бөлімінің меңгерушісі «оны кем дегенде он күннен шығаратын едім» деді. Ал ол кезде біз қайтуымыз керек», – дейді Дианова. 

“Оның аман-есен екендігін және көңіл-күйінің жақсы екендігін барлығына жеткізіңіздер!” — деді труппа әкімшісі.

Владимир Толоконников елуге жуық фильмдер мен телехикаяларға түскен. Оның ішінде “Хотаббыч”, “Тоғысқан тағдырлар”,”Виола Тараканова: в мире преступных страстей” және т.б. бар. Алайда оны ел арасына кеңінен танымал еткен образы – Михаил Булгаковтың шығармасының желісі бойынша түсірілген “Собачье сердца” фильміндегі Полиграф Полиграфович Шариковтың образы.

Жіберіп алмаңыз:

 «Жұлдыздар шайқасының» актеры ауруханадағы бос орынды күтіп жүріп қайтыс болды

Ақтөбеде драма театрдың актерлері мінген көлік апатқа ұшырады

Сәбит Әбдіқалықов инфаркт алып жатып қалды

Әнші Принс қайтыс боларынан бір апта бұрын шамадан тыс есірткі қабылдап ауруханаға түскен

 

Талқылау