Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актер Джордж Клунидің әйелі егіз бала өмірге әкелді

Американың танымал актері Джордж Клунидің әйелі егіз балаларды өмірге әкелді.

HOLLYWOOD, CA - OCTOBER 26:  Amal Alamuddin (L) and actor George Clooney attend the premiere of Warner Bros. Pictures' "Our Brand Is Crisis" at TCL Chinese Theatre on October 26, 2015 in Hollywood, California.  (Photo by Kevin Winter/Getty Images)

Егіздер – ерлі зайыптының тұңғышы. Ата-анасы сәбилерге Элла және Александр деген есім берді.

Егіздердің бірі қыз бала, бірі ұл бала. Актердің әйелі Амаль Клунидің жүктілігі жайында ел аузында қаңтар айынан бастап әңгіме тарай бастаған еді.

Актердің жұбайының аяғы ауыр екендігі жайлы қауесет қаңтар айында өткен шаралардың бірінде Амаль Клунидің кең көйлек киіп шығуынан кейін тараған. 39 жастағы Амаль Клуни бірнеше атышулы сот істеріне адвокат болды.

Ол Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенконы, Wikileaks-тың негізін қалаушы Джуллиан Ассанж пен әзербайжандық журналист Хадиджа Исмаиловалардың қорғаушысы болды. 55 жастағы Джордж Клуни көптеген беделді кино сыйлықтарының иегері. Айта кетейік, ол екі рет «Оскар» сыйлығының иегері атанды.

Тағы да оқыңыз:

Джоли мен Клуни ең әдемі қартайып жатқан жұлдыздар тізіміне кірді

Джордж Клуни үйін жөндеуден өткізгендіктен көршілерін қонақүйге орналастырды

Қытай жігіті қазақ қызын әйелдікке алып, дүркіретіп той жасады (видео)

Талқылау