Танымал актер айтыскер ақын Бибігүлге “Қайраттың” матчы кезінде ұсыныс жасады (фото, видео)

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 7:57

Танымал актер, тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан Алматының орталық стадионында өткен “Қайрат” пен “Тараз” командалары арасындағы матчтың үзілісінде өз сүйіктісіне ұсыныс жасады.

4141

Актердің таңдауы айтыскер ақын қыз Бибігүл Тілеболдинова болып шықты. Бибігүл – өнер сүйер қауымды уытты тіл, әдемі әуенімен тамсандырып келе жатқан талантты ақын.

XQOlkp6WNQo

Ол әсіресе, Алматының мың жылдығы мен “Хабар” арнасындағы “Жұлдыздар айтысады” жобасында кеңінен танымал болған еді.

QkVxjUyZ52511n1710TchCVjq0mlvf

6uxHposUGYYi5LHpAHR3s18UkUVoz5

Ал Нұрсұлтан көптеген фильмдегі рөлдерімен және НТК телеарнасындағы “Ревю” бағдарламасының тізгіншісі ретінде қалың көпшіліктің сүйіктісіне айналып үлгерген.

13108525_239949079704569_968361481_n

13118299_477855049076020_1640745609_n

Актердің ұсынысы туралы қыз алдын ала білмеген. Керемет сәт Қайрат-Тараз матчының үзілісі кезінде орын алыпты.

“Қайратқа жанкүйер болайын деп, футбол көруге барып едім негiзi, не болып кеткенін түсінбей қалдық шыны керек. Футбол жайына қалды. Алланың жазғаны шығар, шүкір бақыттымын. Барлық жора-жолдастарымызға алғысым шексіз!” – деп жазды Бибігүл әлеуметтік желідегі парақшасына.

777

“Өмiрдегi ең маңызды қадамдардың бiрiн жасадым. Қолдау көрсетіп келген бауырларыма мың алғыс!” деп жазды Нұрсұлтан Инстаграмдағы парақшасында.

“Қайраттың” жұлдызды жанкүйерлері әзірге нақты той күні туралы айтпады. Ал махаббат мелодрамасымен әспеттелген матч 3:1 есебімен “Қайраттың” пайдасына шешілді.

5VMmSOcttDk

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар