Танымал адвокаттың аты-жөнін мазақ еткен прокуратураның 3 қызметкері жұмысынан кетті

Танымал адвокат Айман Умарованы «Пупкина Залупкина» деп мазақ еткен прокуратура қызметкерлері орнынан кетті.

Фото: Ак Жайык

Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының желідегі парақшасында жарияланды.

«Адвокат Айман Омарованың уәжіне қатысты тексеру жүріп, прокуратураның үш қызметкері орнынан алынды. Оның бірі Бостандық аудандық  прокурорының міндетін атқарушы», – деп жазылған мәтінде.

Жәбірленушіге қала прокуроры Берік Жүйріктаев атынан кешірім сұрау хаты жіберілді.

Айман Омарова бұған дейінАлматы прокуратурасының өзіне аты-жөнін мазақтап ресми хат жазғанын айтқан еді. Адвокаттың айтуынша, ол қызының өліміне байланысты әділдік іздеп жүрген әйелдің ісіне қатысты прокуратураға хат жазған. Бостандық аудандық прокуратурасы Электронды үкімет порталы арқылы «Құрметті, Пупкина Залупкина!» деп ресми жауап қайтарған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар