Айман Омарова Алматы прокуратурасының өзіне аты-жөнін мазақтап ресми хат жазғанын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.
Адвокаттың айтуынша, ол қызының өліміне байланысты әділдік іздеп жүрген әйелдің ісіне қатысты прокуратураға хат жазған. Бостандық аудандық прокуратурасы Электронды үкімет порталы арқылы «Құрметті, Пупкина Залупкина!» деп ресми жауап қайтарған.
Айман Омаров прокуратура өкілінің хабарласып, кездесуге шақырғанын айтты.
«Мен кездесуден бас тарттым. Өйткені 15 күннен бері ешкім хабарласып, қателік жібердік деп айтқан жоқ. Енді кездесуге шақырып отыр», – дейді адвокат.
Айман Омарова өз тегін мазақ еткендердің сотқа бермек.
«Мұндай мазақты қалай кешіруге болады? Хат электронды қолтаңбамен бекітіліп тұр. Пупкина Залупкина деген сөзжазылмаған хатты 6 ай бұрын алғанмын. Ал, мына хаттаға сөздің мағынасын білгенде жаман күйде болдым», – дейді ол.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.