Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арбаға жайғасқан Бердоңғаров Астанада көрген “жол азабы” жайлы айтты (видео)

Мәжілістің экс-депутаты, инвестиция және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғаров мүгедектер арбасына отырып алып Астанадағы нысандар мен жаяу жүргіншілер жолағын кезіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қаншалықты жағдай жасалғанын тексеріп шықты.

епеп

Ол YouTube каналында өзінің “Хан Шатыр” сауда ойын-сауық орталығынан бастап Парламент ғимаратына дейін мүгедектер арбасында барғанын көрсеткен. Ролик кейіпкерінің айтуынша, “Хан Шатыр” жанындағы жер асты жолындағы баспалдақтар сапасы сын көтеретіндей жағдайда емес екен.

“Біз “Хан Шатырдан” жаяу жүргіншілер жолағына дейін жету үшін жарты сағат уақыт жұмсадық”, – дейді ол.

Оларға әсіресе көпдеңгейлі баспалдақтар мен пандусы жоқ ғимараттар, биік бордюрлар кедергі келтірген.

“Егер сіз қалада пандустың биік екенін, ондай жағдайда дүкенге, сауда орталығына кірудің мүмкін еместігін байқасаңыз, онда әлеуметтік қорғау комитетіне хабарласыңыз. Олар нысанға комиссиямен бірге келіп әкімшілік айыппұл салып кете алатын өкілетті орган”, – деді Бердоңғаров.

Оқи отырыңыз:

Жауыздықпен өлтірілген оқушының өгей шешесі сотталушыларды бір-біріне айдап салмақ болған

Бұдан былай Қазақстан вокзалдарында жолаушылардың жүктері тексеріледі

Байтасов: Мұғалімдердің жалақысы 10-20 мың АҚШ доллары көлемінде болуы керек

Алматы облысында 8 жасөспірім із-түссіз жоғалған

Талқылау